13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАНДА КӘСІПКЕР ӘЙЕЛ 6 АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫП ОТЫР

13 июня, 2020
in Қоғам
0
ТҮРКІСТАНДА КӘСІПКЕР ӘЙЕЛ 6 АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫП ОТЫР
Share on FacebookShare on Twitter

Notice: Trying to get property 'child' of non-object in /var/www/vhosts/13kz.kz/httpdocs/wp-content/themes/папка (2)/class/ContentTag.php on line 45

Түркістан облысы Ордабасы ауданында шағын және орта бизнестің дамуына ерекше мән берілуде. Бұл орайда аудандық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы іс бастауға ниеттілерге бағыт-бағдар беруде, — деп хабарлайды «Turkistan-media» ақпараттық порталы Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Мысалы, өз кәсібін ине — жіптен бастаған аудан тұрғыны Ақниет Өскенбай әуелі үйінде отырып, моншақ, биссерлермен басқа тағатын әшекей бұйымдар жасап, сатудан бастаған. Ал мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау оны ынталандырып, жаңа ізденістерге жетеледі. Бүгінде Ақниеттің есімі ауыл-аймаққа етене таныс. Іскер келіншекке қыз жасауы, әшекей бұйымдар мен балалардың жөргегін тіктіруге тапсырыс берушілер көп. Сүйікті ісін ынта-ықыласпен істейтін кәсіпкер келіншек мемлекеттен 3 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант ұтып алды. Сөйтіп, көпфункциялы тігін машинасын сатып алып, қазір жайнамаз сынды діни бұйымдар да тігуде. «Мен негізі фельдшер мамандығын бітіргенмін, алайда тұрмыс құрып, балалы болған соң, күйеуім үйде отырғанымды қалады. Содан соң бұл үйде отырып бастаған кәсібім болатын. Бастапқыда ұсақ жұмыстармен, тұтынушылармен жұмыс істеуді үйрендім. Мемлекеттік грантты ұтып алып, осы кәсіпті бастағаннан кейін, көптеген кісілер тігіншілікті үйренуге келе бастады», — дейді кәсіпкер.

Қазір Ақниеттің «Румиса» деп аталатын шағын кәсіпкерлік нысанында алты адам жұмыс істейді. Олар еңбегіне қарай ақы алады.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА БЕС АЙДА 372 МЛН ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ ҮНЕМДЕЛДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ТҰРҒЫНЫ АУЛАСЫНДА КӨКНӘР ӨСІРГЕН

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі