13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАНДА БЕС АЙДА 372 МЛН ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ ҮНЕМДЕЛДІ

13 июня, 2020
in Қоғам
0
ТҮРКІСТАНДА БЕС АЙДА 372 МЛН ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ ҮНЕМДЕЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында «Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық-талдау жүйесі арқылы сатып алу саласына жүргізілген мониторингтік жұмыстардың нәтижесінде 5 айда 372 млн теңгеге жуық бюджет қаражаты үнемделді, — деп хабарлайды «Turkistan-media» ақпараттық порталы Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай мәлімдеді. Жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері жоспарлаған мемлекеттік сатып алуда негізсіз бағаны өсіру фактілері көрініс тапқан.

Қабылданған ұсыныстардың қорытындысымен мониторинг нәтижесінде бюджеттің 371 839 952 теңгесі үнемделіп, бірқатар мекемелерге жоспарланған соманы медиандық бағаға келтіріп, қайта енгізу тапсырылды.  Ал, Кентау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық тұрғын үй инспекциясы бөлімі мен «Жасыл Кентау» ЖШС-ы арасында саябақтарды, тәлімбақты және жасыл аймақты күтіп ұстау үшін  32 366 600,40 теңгеге 9 сәуірде  келісімшарт түзілген. Алайда, аталған мекемелер арасында 3 күннен соң жалпы сомасы 135 953 727,68 теңге болатын қосымша келісім шарт жасалған. Дәл осы қосымша келісімшарттың негізділігі бойынша Департаментпен тиісті жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде бюджет қаражатының 103 587 127 теңгесі үнемделді.

Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп, «Сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық-талдау жүйесі арқылы тауарлар мен қызметтердің орташа бағасын өзге лоттың жарияланған бағасымен немесе нарықтық бағамен салыстыруға мүмкіндік алып отыр. Бұл порталдың тапсырыс берушілер мен бюджет әкімшілерінің негізсіз бағаны төмендету немесе көтеріп қою, жеткізу мерзімін қысқарту, белгілі бір өнім берушіге қолдау білдіру тәрізді сыбайлас жемқорлық тәуекелдері көріністерін анықтау қабілеті автоматтандырылған.

Түркістан облысы

Previous Post

МАҚТААРАЛДАҒЫ ЗАҚЫМДАНҒАН ЖЕРЛЕРДІҢ 50 ПАЙЫЗДАН АСТАМЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Next Post

ТҮРКІСТАНДА КӘСІПКЕР ӘЙЕЛ 6 АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫП ОТЫР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі