13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

МАҚТААРАЛДА МАМАНДАР ТҰРҒЫНДАРҒА ҚҰРЫЛЫС ТАЛАПТАРЫН ТҮСІНДІРДІ

13 июня, 2020
in Қоғам
0
МАҚТААРАЛДА МАМАНДАР ТҰРҒЫНДАРҒА ҚҰРЫЛЫС ТАЛАПТАРЫН ТҮСІНДІРДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы әкімдігінің бастамасымен Nur Otan партиясының Мақтаарал аудандық филиалы Фирдоуси елді мекенінде құрылыс мамандарын шақыртып, мастер-класс ұйымдастырды. Ондағы мақсат – тұрғындарға құрылыс талаптарын үйретіп, баспаналардың сапалы әрі талапқа сай бой көтеруіне ықпал ету.

Cу тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданының тұрғындары арасында жаңа баспананы өздері салып алғысы келетіндер аз емес. Бұл орайда оларға мемлекет тарапынан құрылысқа қажет қаражат, яғни 17 млн теңге берілуде. Нақтырақ айтсақ, фирдоусилық 183 отбасының әрқайсысына 17 млн теңгенің 50 пайызы яғни, 8,5 млн теңгесі толық аударылған. Яғни жер бөлінген, қаржы бар, жағдай жасалған, тұрғындарға маманын тауып та іске кірісу ғана қалған болатын. Осы орайда оларға мамандардың кеңесі мен тәжірибесінің көмегі көптеп тигені анық.

Шеберлік сабақ барысында тұрғындарға үйдің іргетасын құю кезінде қанша цемент қосу керектігі, кірпіш қалауда қандай талаптарды сақтау қажеттігі жан-жақты түсіндірілді. «Бүгін жергілікті партия белсенділер ұйымдастырған мастер-класс бізге өте қажет еді. Өйткені тұрғындардың көбі құрылыс жұмыстарының талаптарын біле бермейді. Осыны ескерген жанашырларға алғыс айтамыз», дейді Фирдоуси ауылының тұрғыны Мұхамеджан Мирзаходжаев.

Топан судан зардап шеккен Фирдоуси ауылында 338 үй бар болса, соның бүгінде 271-і толығымен бұзылған. Бүгінде 26 үйдің іргетасы құйылып, 3 баспананың қабырғасы қалануда.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 120-ДАН АСТАМ АРМЕНИЯЛЫҚ КӨЛІК ТІРКЕЛДІ

Next Post

САДАҚА ЖӘШІГІН ҰРЛАП КЕТКЕНДЕР ҰСТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі