13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 120-ДАН АСТАМ АРМЕНИЯЛЫҚ КӨЛІК ТІРКЕЛДІ

13 июня, 2020
in Қоғам
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 120-ДАН АСТАМ АРМЕНИЯЛЫҚ КӨЛІК ТІРКЕЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысына Армениядан 531 көлік әкелінген. Оның 330-ы жаңадан шыққан қаулыға сәйкес тіркеуге жатады. Бүгінде облыс бойынша 120-дан астам көлік тіркеліп, сары нөмір алған, 10 күн ішінде 300-ге жуық тұрғынға кеңес беріліпті, — деп хабарлайды «Turkistan-media» ақпараттық порталы Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан қаласының Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында облыстық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Алмасхан Тастанбеков тұрғындарға көліктерді тіркеу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Одан бөлек онлайн режимде, Полиция департаментінің әлеуметтік парақшаларында тікелей эфир арқылы желі қолданушыларының да сұрақтарына нақты жауаптар берді.

«Тіркеу бойынша жергілікті халық тарапынан көп қойылатын сұрақтардың бірі — тіркеп болған соң, тағы да баж салықтары алынады ма? Әрине, жоқ. Тек бір рет тіркесеңіз болды. Ол үшін үш төлем жасалады. Төлемнің жалпы сомасы 11 мың 946 теңгені құрайды. Армениялық көлікті 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін тіркеуге болатынын ескерте кетейін. Тіркеу Армения Республикасының уәкілетті органы берген тіркеу құжаттарында иесі ретінде көрсетілмеген тұлғаларға жүзеге асырылмайды. Сонымен қатар, бұл көлікті өзге адамның атына аудара алмайсыз. Армениядан әкелінген көлікті тіркеу ережелерін түсіндіру үшін Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында Call-орталығы күн сайын сағат 09:00-ден 19:00-ге жұмыс істейді», дейді А.Тастанбеков.

Түркістан облысы

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА ТАРИХИ СӘУЛЕТ ҮЛГІСІНДЕГІ ШЫҒЫС МОНШАСЫ АШЫЛДЫ

Next Post

МАҚТААРАЛДА МАМАНДАР ТҰРҒЫНДАРҒА ҚҰРЫЛЫС ТАЛАПТАРЫН ТҮСІНДІРДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі