Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес, қаладағы аулаларды көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Соның ішінде Қаратау ауданы тұрғындары көгалдандыру жұмыстарына өз үлестерін қосуда.
Аудан әкімдігі тарапынан түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде Нұрсәт тұрғын алабының тұрғындары өз аулаларына суару жүйесін орнатып, көп жылдық ағаш көшеттерін, гүлдер мен газон егіп абаттандырған.
Қаратау ауданы әкімдігінің бөлім басшысы Бауыржан Қалдыбаев тұрғындарды ортақ аулаларды осы секілді суарып, көгалдандыру жұмыстарын бірлесе атқаруға шақырды.