13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте сала мамандары өткен жылы құрылысы жүргізілген жолдарға мониторинг жүргізді

16 августа, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте сала мамандары өткен жылы құрылысы жүргізілген жолдарға мониторинг жүргізді
38
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары осы жылдың наурыз айында қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2020 жылы құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілген нысандарға мониторинг жүргізген болатын.

Өткен жылы басқарманың тапсырысы негізінде қалада 228 нысан бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілген. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде салалық қызметкерлер 104 нысанда ақаулар анықтаған.

Атап айтқанда – асфальтбетон жабындысының отыруы, бұзылулар, құдықшалардың отыруы немесе сынуы. Орын алған ақауларды кепілдік мерзіміне сәйкес 2021 жылдың 15 сәуіріне дейін қалпына келтіру бойынша мердігер мекемелерге ескерту хаттар жолданды.

Бүгінгі күнге 72 нысанда қалпына келтіру жұмыстары жүргізілсе, 32 нысанда ақаулар белгіленген мерзімде жойылмауына байланысты, түзілген келісім шартқа сәйкес 17 мердігер мекемелерге тұрақсыздық соммасы есептеліп сотқа талап-арыз жолданған. Жалпы тұрақсыздық соммасы 12,5 млн. теңгені құрайды.

Сонымен қатар, 2021 жылы түзілген келісім шарттар бойынша уақытылы өндірістік кестені ұсынбағаны және өндірістік кестеден қалыс қалғаны үшін 12 мердігер, 12 техникалық қадағалаушы, 2 жобалаушы және 1 авторлық қадағалаушы мекемелерге 7,9 млн. теңгені құрайтын тұрақсыздық соммасы есептеліп сотқа талап-арыз жолданған. Оның

4,9 млн. теңгесі өндірілген.

Орташа жөндеудің кепілдік мерзімі – 3 жыл. Жөндеудің бұл түрі жол бетіндегі ескі асфальтты түгелдей қырып тастап, жаңасын төсеуден тұрады.

Басқарма тарапынан жыл сайын жөндеуден өткен жолдарға мониторинг жүргізіліп отырады. Анықталған кемшіліктерді мердігер мекеме кепілдік мерзімі аяқталғанға дейін өз қаржысы есебінен қалпына келтіретін болады.

Previous Post

Шымкенттің «Химфарм» компаниясы – Қазақстанның көшбасшылар үштігінде

Next Post

Шымкенттік кітапханада 5 мыңға жуық сирек кітап қоры бар

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі