13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттің «Химфарм» компаниясы – Қазақстанның көшбасшылар үштігінде

16 августа, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкенттің «Химфарм» компаниясы – Қазақстанның көшбасшылар үштігінде
33
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттің фармацевтика өнеркәсібі тұтынушыларға «Химфарм» АҚ атауымен белгілі. 1882 жылы құрылған әлемдегі ең көне фармацевтикалық кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорынның өнімдері Santo сауда маркасымен шығарылады.

2011 жылы өндіріске жаңа инвестор — орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия нарықтарында жұмыс істейтін Polpharma халықаралық фармацевтикалық тобының келуімен, кәсіпорында тиісті өндірістік практика сапасының халықаралық стандарттарына (GMP) сәйкес жаңа өндірістік қуаттарды салуға және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыртуға бағытталған кең ауқымды инвестициялық жобаны іске асыра бастады.

Бүгінгі күнде SANTO компаниясы Қазақстандағы жетекші фармацевтикалық өндіруші болып табылады және Қырғызстан мен Өзбекстанда өкілдіктері бар. 2018 жылдың қорытындысы бойынша IQVIA (Source: IQVIA databases. Retail, hospital (TRD Prices)) «Химфарм» АҚ компаниясы Қазақстанның фармацевтикалық нарығындағы көшбасшылар үштігіне кіреді және бөлшек сегментте бірінші орынды иеленді.

«Химфарм» АҚ компаниясының өндірістік қуаты итальяндық, неміс, оңтүстік кореялық және басқа да халықаралық өндірушілердің деңгейіне сәйкес келеді. Компания жыл сайын шығарылатын өнімдер портфелін кеңейтіп отырады. Олардың басым бөлігі инъекциялық, инфузиялық ерітінділер және таблетка түрінде шығарылады. SANTO компаниясының портфелінде терапияның әртүрлі салаларында ауруларды емдеуге арналған 12 фармакотерапиялық топтардағы 240-тан астам генерикалық препараттардан тұрады.

SANTO-ның өндірістік қуаты жыл сайын 193,8 млн. инъекциялық ампулалар, 2,6 млн. инфузия флакондарын, 7,7 млн. стерильденбеген сұйық пероральді дәрілік заттар флакондарын, 35,4 млн. цефалоспортин қатарындағы антибиотиктер флакондарын, 14 млн. пенема/мицин қатарындағы антибиотиктер флакондарын, тікелей престеу әдісімен 518 млн. таблетка және ылғалды түйіршіктеу әдісімен 135 тонна таблетка массасын өндіруге мүмкіндік береді.

Компания Қазақстанның фармацевтикалық индустриясындағы ең ірі жұмыс беруші болып табылады, ол 900-ден астам адамға жұмыс орындарын ұсынады. Зауыт қызметкерлері Польша және басқа да еуропа елдерінде үнемі бейінді оқытудан және біліктілігін арттырудан өтеді. Сонымен қатар, Компания саладағы ең ірі салық төлеуші болып табылады.

Зауыт өнімдері Қазақстанда және жақын шет елдерде кеңінен танымал. 2016 жылы «Химфарм» АҚ антибиотик ұнтақтарын шығаратын жаңа цехты іске қосқаны үшін «Алтын Сапа» байқауының «Үздік инновациялық жоба» номинациясы бойынша бас жүлдеге ие болды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Шымкент әкімі орталық су спорт кешеніне барды

Next Post

Шымкентте сала мамандары өткен жылы құрылысы жүргізілген жолдарға мониторинг жүргізді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі