13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте соңғы үш жылда коммуналдық төлем бағасы төмендеген

10 августа, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте соңғы үш жылда коммуналдық төлем бағасы төмендеген
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы филиалы департаментінің басшысын қабылдап, саладағы өзекті мәселелерді талқылады.

Департамент басшысы тарифтерді тұрақтандыру бойынша жартыжылдықта атқарылған жұмыс жөнінде баяндады. Оның айтуынша, Шымкент қаласында 75 қызмет түрі бойынша 59 табиғи монополия субъектісі енгізілген. Олар электр энергиясын және газ тасымалдау, жылумен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау және су бұру қызметі, кірме жолдары бағытында жұмыс жасайды.

2019 жылдан бастап кейбір коммуналдық тарифтердің төмендеуі байқалады. Жылумен жабдықтау 2018 жылы 142,31 тг болса, соңғы үш жылда 110,78 тг болып тұрақталған. Сумен жабдықтау 97,97 тг болса, қазір 88,17 тг. Суды бұру 39,03 теңгеден 35,13 теңгеге түскен. Газбен жадықтау үш жыл алдын 34,47 тг, қазір 31,59 тг болған. 2019-2021 ж. коммуналдық тарифтерді төмендеуі нәтижесінде тұтынушылардың үнемделген қаржылары 9,76 млрд.теңге құрап, тұрғындарға кері қайтарылған.

Осы жарты жылдықта тұрғындардың арыздары бойынша жоспардан тыс 10 тексеру жұмыстары жүргізілген. «Нәтижесінде 51 нұсқама енгізіліп, 23 әкімшілік құқықбұзушылық қозғалған. Оларға 41,9 млн.тг. айыппұл салынып, тұтынушылардан артық алынған 3,39 млн.теңге толық қайтарылды» дейді сала басшысы.

«Табиғи монополия туралы» ҚР Заңға сәйкес, тариф бес және одан көп жыл мерзімге белгіленеді. Осыған орай бекітілген тарифтердің мерзімі бітуіне байланысты – 3 табиғи монополияның 2021-2026 жылдарға жаңа тарифтері бекітілгенін жеткізді. Департамент тарапынан 2019 жылдан бері 1 миллионнан аса адамның құқығы қорғалған.

Департамент жұмысына қаныққан Шымкент әкімі монополист мекемелермен келіссөздер жүргізіп, баға тұрақтылығын сақтауды және оларға бақылауды күшейтуді тапсырды. «Айкөмек-109» орталығына келіп түсетін арыз-шағымдардың басым бөлігі де осы коммуналдық қызметке қатысты болғандықтан, сапалы қызмет көрсетуге барынша назар аудару қажеттігін айтты.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Шымкентте Аshyq жобасына қатысушылардың жұмыс уақыты ұзартылды

Next Post

Шымкентте өткен жылу маусымында табиғи газдан улану жағдайы екі есеге төмендеген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі