13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте Аshyq жобасына қатысушылардың жұмыс уақыты ұзартылды

10 августа, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте Аshyq жобасына қатысушылардың жұмыс уақыты ұзартылды
34
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Қоңыр қызыл» аймақтағы Шымкент қаласында Ashyq жобасына қатысушылардың жұмыс уақыты 2 сағатқа ұзартылды.

ҚР БМСД 29 шілдедегі №33 қаулысына сәйкес, 9 тамыздан бастап Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілеріне сағат 22.00 -ге дейін, ал «Ashyq Лидері» мәртебесі бар объектілерге 00.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді.

Эпидемиологиялық бағалау матрицасына «қоңыр қызыл» аймақ енгізілгеннен кейін Ashyqқа қатысушыларға, соның ішінде Ashyq лидерлеріне де демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салынды. Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті кәсіпкерлерге бұл тыйым 16 тамызға дейін сақталатынын түсіндірді. Алайда 9 тамыздан бастап бизнес нысандарының жұмыс күндері жұмыс істеу уақыты қайта қаралды.

«Бүгінгі таңда Шымкентте Ashyq жобасына 7446 қатысушы тіркелген, Шымкент қаласы әкімдігінің сайтында Ashyq жобасының 1101 қатысушысының тізімі, сондай-ақ 21 «Ashyq жобасының Лидері» тізімі орналастырылған, 0 chek-in үшін 51 QR код деактивация жасалған. Республикалық қаулы талаптарын ескере отырып, 9 тамыздан бастап Ashyq жобасына қатысушыларға Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері 9 тамыздағы №27 қаулысымен жұмыс уақытын екі сағатқа, яғни сағат 22:00-ге дейін, ал «Ashyq» жобасының лидерлеріне 00:00-ге дейін ұзартты. Келіссөздер жүргізу және негізделген хат алмасу арқылы, бұрынғы қаулымен тыйым салынған кейбір бизнес нысандарының Ashyq жобасында жұмыс істеу мүмкіндігін шештік», — дейді Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев.

 

Previous Post

Шымкентте 2 мыңға жуық жұмыскердің жалақы қарызы өтелді

Next Post

Шымкентте соңғы үш жылда коммуналдық төлем бағасы төмендеген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі