13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Жаңа оқу жылында оқушылар оффлайнда оқиды

10 августа, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Жаңа оқу жылында оқушылар оффлайнда оқиды
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Коронавирус инфекциясы жасарып барады. 8 тамызда тіркелген 565 науқастың 100-і 18 жасқа толмаған балалар. Бұл туралы шаһардың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев Шымкент қалалық акімдігіндегі Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлімдеді.

Қаланың бас санитарлық дәрігері биыл 1 қыркүйекте мектеп оқушылары оффлайн режимінде сабақ оқитынын айтты. Ол үшін қазір СЭС мамандары мектептерде зерделеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әбдіманап Қошқарұлы білім ұяларында міндетті түрде Ashyq бағдарламасы орнатылып, оқушылар сыныпқа дене қызуы өлшеніп жіберілетінін жеткізді.

Сондай-ақ бас санитарлық дәрігер шілдеден жалғасып келе жатқан пандемия толқынының шарықтау шегі тамыздың 20-на дейін жалғасады деген болжам жасады.

Департамент басшысының мәлімдеуінше індеттен құтылу үшін тұрғындардың 70-75 пайызы вакциналануы керек. Әзірге шымкенттіктердің 35 пайызы ғана вакциналанған. Сонымен бірге бас санитарлық дәрігер 12 жастан асқан балаларға да екпе салынуы мүмкін деген болжамды жоққа шығармады.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкент: «Алғашқы жұмыс орны» жобасы іске асырылуда

Next Post

Шымкентте тағы бір кәсіпорын ашылмақ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі