13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: «Алғашқы жұмыс орны» жобасы іске асырылуда

10 августа, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент: «Алғашқы жұмыс орны» жобасы іске асырылуда
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жастарды жұмыспен қамту іс-шаралары белсенді жүргізілуде. Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде еңбек тәжірибесі жоқ жастарды қолдау мақсатында «Алғашқы жұмыс орны» жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Бағдарламаға қатысушылардың бірі – Мерей Атымтай. Ол биыл «Шымкент жоғары медициналық» колледжін «Дантист-стоматолог» мамандығы бойынша тәмамдаған болатын.

– Оқу орнын бітірген соң бірден жұмыс табыла қоймады. Барлық жерде жұмыс тәжірибесін талап етеді. Бірақ менде оларға қажет тәжірибе болған жоқ. Дипломды енді алған кезім ғой. Кейінен жастарға арналған жаңа жоба бар екенін естіп, қалалық жұмыспен қамту орталығына барып, кеңес алдым. Онда маған бағдарламаның шарттары мен тиімділігін түсіндіріп, өз мамандығым бойынша қаладағы «Улыбка» стоматологиясына жолдады, – дейді 19 жасар қала тұрғыны.

Жалпы аталған жобаға 29 жасқа дейінгі мүлдем жұмыс өтілімі жоқ жұмыссыз жастар, оның ішінде NEET санатындағы жастар қатыса алады. Сонымен қатар, алғашқы жұмыс орнына орналасуға көп балалы немесе аз қамтылған отбасы мүшелеріне, еңбекке қабілетті мүгедектер мен техникалық және кәсіптік мамандық иелеріне басымдық беріледі.

Жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілермен келісімшарт жасап, оқу орнын аяқтаған жастарды 24 ай жұмыспен қамтиды. Жобаға қатысушының еңбекақысы – 20 АЕК. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыстың алғашқы 12 айдағы еңбекақысын субсидиялайды.

Үміткерлер тіркелген мекенжайы бойынша жұмыспен қамту орталығы бөлімшелеріне жеке куәлігі мен білімі туралы құжат көшірмесін тапсырып, өтінім бере алады.

Айта кетсек, бүгінгі таңда жобаға қатысуға 50-ге жуық жас жолданып, оның 45-і қаладағы түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға жұмысқа кірісті.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Шымкент: Мобильді бригадалардың жұмысы қатаң бақылауда

Next Post

Шымкент: Жаңа оқу жылында оқушылар оффлайнда оқиды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі