13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Тәшенов көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

30 июля, 2021
in Жаңалықтар
0
Тәшенов көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында көшелерді орташа жөндеуден өткізу жоспарына сәйкес, бүгінде Тәшенов көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жобаға сәйкес, қолданыстағы ескі жол жабынын фрезерлеу және ЩМА-дан асфальт-бетон жабынын төсеу көзделген. Аталған көшенің жол жабыны соңғы рет 2007 жылы жөндеуден өткен болатын.

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасовтың айтуынша, жөнделетін нысанның ұзындығы — 1,7 шақырым. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін көлік қозғалысын шектеу қажеттілігі туындап отыр. Атап айтқанда, Тәшенов көшесіне Төле би көшесінен Төреқұлов көшесіне дейін орам сайын асфальт-бетон жабыны төселеді.

Яғни, Төле би – Түркістан көшесі аралығы, Түркістан – Тәуке хан көшесі аралығы, Тәуке хан – Жылқышиев көшесі аралығы, Жылқышиев – Төреқұлов көшесі аралығы 2021 жылдың 1 тамызы мен 30 тамызы аралығында ішінара уақытша шектеледі

Жоспарлаған бағыттарыңызды алдын-ала түзетулеріңізді сұраймыз. Қала тұрғындарын уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытуға шақырамыз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Шымкентте тұрғын үй сертификаты бойынша 10 азаматтың өтінімі мақұлданды

Next Post

Шымкент: Әуежай терминалына кіреберіс автомобиль жолының құрылысы жүргізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі