13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте тұрғын үй сертификаты бойынша 10 азаматтың өтінімі мақұлданды

29 июля, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте тұрғын үй сертификаты бойынша 10 азаматтың өтінімі мақұлданды
Share on FacebookShare on Twitter

Тұрғын үй сертификаты бойынша 10 азаматтың өтінімі мақұлданды. Бұл туралы Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абылайхан Балықбаев қала әкімдігінің  Instagram парақшасында өткен тікелей эфирде мәлімдеді.

Басқарма басшысының міндетін атқарушы тікелей эфирде  «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несиелік бағытта тұрғын үй алуды көздеген азаматтарға мемлекеттік қолдаудың қайтарымсыз негіздегі тұрғын үй сертификатын беру басталғандығын баяндады. Сондай-ақ тұрғын үй мәселесіне қатысты азаматтар тарапынан қойылған  бірқатар сұрақтарға жауап берді.

—    «Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй сертификатына ағымдағы жылдың 26 шілдесінен бастап онлайн интернет портал арқылы бүгінгі күнге дейін 286 азамат өтінім жіберген. Оның  ішінде 51 азамат өз өтінімін қайтарып алса, 152-і тұрғын үй сертификатын алудың  талаптарына сәйкес келмегендіктен бас тартылған. Сондай ақ 10 азаматтың  өтінімі тұрғын үй сертификатының жалпы талаптары мен шарттарына сәйкес келуіне байлансты мақұлданды», -деді А.Балықбаев. Сонымен бірге несиелік бағыттағы бағдарламаларға да тоқталды. Бұдан бөлек тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде тұрған азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалдамалы пәтер белгіленген тәртіппен кезек ретімен берілетіндігін жеткізді. Сондай ақ тұрғын үй кезегінің жылжуы толығымен автоматтандырылғандығын оған ешқандай адами фактор әсер ете алмайтындығын атап өтті.

Айта кету керек, Шымкент қаласы бойынша арендалық пәтермен ағымдағы жылдың бүгінгі күнге дейін 608 азамат тұрғын үймен қамтылды. Оның ішінде 300 жалдамалы баспана жұмыс істеп жүрген жастарға, 18 пәтер жетім балаларға, 148 пәтер көпбалалы отбасыларға, 142 пәтер  халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына қолданысқа берілген болатын. Қазіргі таңда 74 пәтер бойынша тұрғын үй комиссиясының шешімі қабылданып, тиісті  құжаттары дайындалуда.

Сонымен қатар аталған пәтерлер тұрғын үй кезегіндегі көпбалалы отбасылар, әлеуметтік жағынан әлсіз топ мүшелері және жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тамыз айында қолданысқа  берілмек. Бұдан бөлек  294 пәтер тұрғын үйлердің  құрылысы аяқталуына қарай үлестірілетін болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Әл-Фараби ауданында ағаш суғару жұмыстары қарқын алды

Next Post

Тәшенов көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі