13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Инфрақұрылымдық жүйелерді жаңарту кезек күттермейтін мәселе

27 июля, 2021
in Жаңалықтар
0
Инфрақұрылымдық жүйелерді жаңарту кезек күттермейтін мәселе
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Болатбековтың алғашқы жартыжылдықта атқарған жұмыстарының есебін тыңдады.

Басқарма басшысы берген мәліметке сәйкес, тұрғындарды электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша биыл 18 жоба қолға алынып, іске асырылуда. Оның ішінде 15 тұрғын алап пен шағын ауданда электр жүйелерін жаңарту жұмыстары көзделіп, 3 қосалқы станцияның құрылыстарын жүргізу жоспарланған. Нәтижесінде биыл 21 мыңнан астам адам тұтынатын электр қуатының сапасы артады.

Табиғи газбен қамту бойынша 7 жобаның құрылысы қарқынды түрде атқарылуда. Оның ішінде 2 магистралды жүйелер мен бес шағын ауданды газбен қамту жұмыстары атқарылып отыр. Оған қосымша 12 жобаның құрылысы 2022 жылға өтпелі.

Қала әкімі М.Әйтенов халық тұтынатын электр энергиясының сапасын арттыру кезек күттірмейтін маңызды мәселе екендігін айта отырып, қосалқы станцияларды іске қосуды жеделдетуді және бұл жұмыстарды атқару барысында жүйелі тірлік атқаруды талап етті. Тұрғындарды газбен қамту жобалары бойынша биыл аяқталуы тиіс жұмыстарды жылыту маусымына дейін толығымен бітіріп, пайдалануға беруді тапсырды. Халықты газбен қамтудағы ауқымды жоба — №3 автоматты газ реттегіш станциясыдағы сынақ жұмыстарын талапқа сай атқарып, жақын күндері іске қосуды жүктеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкентте құрылыс жұмыстарының өндірістік кестесін қайта қарау жүктелді

Next Post

Шымкентте әлеуметтік маңызы бар 700-ден астам көшеге жарықшамдар орнатылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі