13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте құрылыс жұмыстарының өндірістік кестесін қайта қарау жүктелді

27 июля, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте құрылыс жұмыстарының өндірістік кестесін қайта қарау жүктелді
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында кәріз жүйелері бойынша биыл 13 нысанның құрылысы басталған. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке биылғы жылдың алты айында атқарылған жұмыстар туралы есепті баяндамасында қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Б.Болатбеков мәлімдеді.

Канализациялық жүйелердің құрылысы жөнінде ақпар берген басқарма басшысы осы бағыттағы ауқымды жобалардың бірі – Арғынбеков көшесінің бойымен Жібек жолы көшесі арқылы №2 коллекторға дейінгі аралықтағы канализациялық коллектордың құрылысы екендігін атап өтті. Жалпы ұзындығы 12,9 шақырым болатын жобаның құрылысы бүгінгі күні 40 пайызға аяқталған. Ішкі кәріз жүйелері бойынша 11 жаңа нысанның құрылысы басталып, жыл соңына дейін қала шағын аудандары мен тұрғын алаптарының кәріз жүйесімен қамтылу көрсеткіші 54 пайызға жеткізілмек.

Жұмыс көрсеткіштерімен мұқият танысқан қала басшысы М.Әйтенов құрылыс жұмыстарын күзгі маусымға қалдырмай мерзімінен бұрын аяқтау үшін жұмысшылар санын арттыруды, өндірістік кестені қайта қарап, бекітуді тапсырды. Жобаны іске асыруда қолданылып жатқан құбырларды лабораториялық бақылаудан өткізуді ұйымдастырып, жаңа коллекторлық жүйені шайынды судың көлемі артатын күзгі кезеңде сынақтан өткізу мүмкіндігін қарастыруды жүктеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Еңбекші ауданында жылыту маусымына дайындық басталды

Next Post

Инфрақұрылымдық жүйелерді жаңарту кезек күттермейтін мәселе

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі