13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент әкімі құрылыс нысандарын аралады

24 июля, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент әкімі құрылыс нысандарын аралады
61
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар құрылыс нысандарын аралады. Солардың бірі — Қонаев даңғылы жалғасында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары. Бүгінде 3-кезеңге сәйкес Терешкова көшесінен Бөгет көшесіне дейінгі аралықта жұмыстар қарқынды жүруде.

Аталған көше бойынша орташа жөндеу жұмыстары 2020-2021жылдар аралығына жоспарланған. Шымкент қаласының маңызды көшесі саналатын бұл даңғылдың құрылыс жұмыстары «КазахДорСтрой» ЖШС-на жүктелген.

3-кезеңдегі жұмыстар жалпы ұзындығы 6 жолақты 0,561 шақырымды құрайды. Ал жолдың ені 42 метр. Бүгінгі таңда 700 м екі бағытты айналма темір жолын, 948м кәріз құбырын салу, 3,4 шақырым кабель желілері, 24 темір жол электр бағаналарын және 2 дана жер асты жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату, темір жол өткелінің 24 дана свай құю, 12000м3 жер жұмыстары және 2 дана темір жол көпірінің негізін құю және 2 дана теміржол балкаларын орнату жұмыстары орындалған.

Қазіргі уақытта тіреу қабырғаларын құю, инженерлік желілердің орнын ауыстыру, мемлекет мұқтажына алынған үйлерді сүру жұмыстары жүргізілуде. Темір жол астынан өтетін жол өткелінің қазу жұмыстарын жалғастыру үшін Терешкова көшесінен темір жолға дейінгі нысандарды мемлекет мұқтажына қайтару қажеттігі туып отыр.

Осыған орай, қала әкімі мемлекет мұқтаждығына қайтару керек үйлердің тұрғындарымен келіссөздер жүргізіп, халыққа тиімді болатын жағдайларды қарастыру керектігін жеткізді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкентте «Таза қала» акциясы бастау алды

Next Post

«Бозарық» қосалқы станциясында қажетті техникалар орнатылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі