13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Таза қала» акциясы бастау алды

24 июля, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «Таза қала» акциясы бастау алды
45
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін үшінші мегаполисте «Өз елімде із қалдырмай SAYAHATTIME» акциясы негізінде «Таза  қала» акциясы басталды. Қайырымдылық істер марафоны шеңберіндегі шараны «Нұр Отан» партиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы, Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы, Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы, «Жасыл ел» еңбек жасақтары, Шымкент қаласының іскер әйелдер қауымдастығы ұйымдастыруда.

— ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қалалардың ажарланып, келбеттене түсуіне жағдай жасау әрбір тұрғынның міндеті болуға тиіс» деген болатын. Олай болса Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қолға алынған «Таза қала» акциясының қолдау табатынына сенімдіміз. Қалалықтарды жанашырлық танытып, шараға белсене атсалысуға шақырамын, — деді «Нұр Отан» партиясы ШҚФ төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева.

Акция аясында «Жасыл ел» еңбек жасақтары мен ұйымдастырушылар Жангелдин көшесі бойындағы  Қошқар ата өзенінің жағалау бөлігін қоқыстан, сынған  ағаш бұтақтарынан тазартты. Су арнасының бітелген көздерін ашты.

Тазалық шарасына Әл-Фараби ауданының әкімі Р.Мыңбаев және мектеп оқушылары, білім беру ұйымдарының студенттері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де белсене қатысты.

Мұнан бөлек, аудан аумағының тазалығына жауапты мердігер мекемелердің жұмысшылары мен 13 арнайы техника жұмылдырылды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкент – өндірістік инвестицияға басымдық береді

Next Post

Шымкент әкімі құрылыс нысандарын аралады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі