13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте алдағы бес жылда жоғары және бірінші санатты мұғалімдер үлесі 30 пайызға артады

15 июля, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте алдағы бес жылда жоғары және бірінші санатты мұғалімдер үлесі 30 пайызға артады
Share on FacebookShare on Twitter

Бірінші жартыжылдықта Шымкент қаласының экономикасында оң даму динамикасы қамтамасыз етілді. Оның ішінде адами капиталдың сапасын арттыруға басымдық берілді.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласының әрі қарайғы өркендеу бағдары ретінде 5 басымдық айқындалған. Олар: адами капиталдың өсуі, инфрақұрылымдық даму, кәсіпкерлікті қолдау, тұрғын үй құрылысын жүргізу, «Шымкент – тұрғындарға қолайлы қала» идеясын іске асыру.Белгіленген басымдықтар бойынша 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған салалық бағдарламалар әзірленіп, іске асырылуда.

Адами капиталдың өсуі шеңберінде Шымкент қаласындағы білім саласындағы өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешу жоспарланған. Қазіргі кезде қаладағы 186 мектепте 226 мыңнан астам оқушы бар. Оның ішінде 14 мектеп үш ауысымды болса, 5 мектеп – ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан, тағы бір мектеп – апатты деп танылған.

Алдағы бес жылда қала шағын аудандары мен тұрғын алаптарында 72 мектеп салынады. Осы бағытта биылдың өзінде 13 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Салалық жоспар аясында жоғары және бірінші санатты мұғалімдер үлесін алдағы бес жылда бүгінгі 55 пайыздық көрсеткіштен 85 пайызға дейінгі межеге, яғни 30 пайызға арттыру жоспарланған.

Кәсіптік білім беру саласында өндіріске қажетті мамандар даярлауды озық әдістемеге негізделген дуальды оқыту моделімен ұштастыру көзделген. Бүгінгі таңда қаламызда кәсіптік білім беру оқу орындарының 10 пайызында ғана дуальды оқыту моделі енгізілген. Бұл көрсеткіш 2025 жылға қарай 42 пайызға жететін болады.

Үш ауысымды мектептер мәселесін шешуде жаңа ғимараттар, қосымша оқу корпустарын салу жұмыстары басталды. 2023 жылға қарай бұл мәселе түбегейлі шешімін таппақ.

Биылғы жылы мектептерді жабдықтауға 6 млрд. теңге көлеміндегі қаражат бағытталған. Қаралған қаржыға білім беру ұйымдарындағы 259 пән кабинеттері жабдықталуда. Былтырғы жылы Шымкент қаласындағы мектептерде әрбір 29 оқушыға бір компьютерден келетін болса, биыл бұл көрсеткіш әрбір төрт оқушыға бір компьютерден келетін деңгейге жеткізілді.

Жыл соңына дейін қаладағы барлық білім беру ұйымдарында полицияның бақылау жүйесіне қосылған бейнебақылау камералары мен турникеттер орнатылады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент
Previous Post

Шымкент қаласының экономикалық көрсеткіштерінде елеулі өсім байқалады

Next Post

Қала әкімі Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысымен танысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі