13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент қаласының экономикалық көрсеткіштерінде елеулі өсім байқалады

15 июля, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент қаласының экономикалық көрсеткіштерінде елеулі өсім байқалады
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі таңда індеттен туындаған қиындықтарға қарамастан, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша қала экономикасында оң даму динамикасы қалыптасып отыр.

Экономиканы құрайтын негізгі көрсеткіштер өсімі қамтамасыз етіліп, күрделі кезеңде халықтың табысын сақтап, оның әл-ауқатын арттыру жөніндегі міндеттер табысты іске асырылуда.

Атап айтар болсақ, биылғы қаңтар-маусым айларында Шымкент қаласындағы өндіріс орындарында 355 млрд. теңгенің өнімі шығарылып, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,2 пайызға артты. Ал ауылшаруашылығы саласында өсім 2,1 пайыз болып, өнідірілген өнім көлемі 17,2 млрд. теңге болды.

Шымкент инвестиция тартудан да алдыңғы орындарда. Бірінші жартыжылдықта қала экономикасына тартылған инвестиция көлемі 131,8 млрд теңгеге жетіп, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 18,9 пайызға өсті. Құрылыс жұмыстары 50,1 млрд. теңгеге жетіп, 15,6 пайыз өсімді көрсетті. Ал бөлшек сауданың үлесі 198, 5 млрд теңгені құрап, 9,6 пайызға артса, тұрғын үй 276,3 млрд теңге болып, 1,9 пайызға өсті.

Қала аумағында әрекет ететін 3 өндірістік аймақта 110 кәсіпорын белсенді жұмыс істеп, 7680 тұрақты жұмыс орындары ашылған. Есепті кезеңде осы аймақтарда құны 1,8 млрд. теңгені құрайтын 4 жоба іске асырылып, жаңа 274 жұмыс орны ашылды.

Шымкент қаласында кәсіпкерлікті де қолдауға басымдық беріліп отыр. Соның нәтижесінде кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасына бағытталған қаржы көлемі биылғы алты айда екі есе ұлғайып, 7 млрд. теңгеге жетті. Есепті кезеңде 931 жобаға 2,5 млрд. теңгеге қолдау көрсетіліп, тұрғындар арасында кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік берілді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Әл-Фараби ауданында 9 балалар алаңшасының құрылысы басталды

Next Post

Шымкентте алдағы бес жылда жоғары және бірінші санатты мұғалімдер үлесі 30 пайызға артады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі