13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда «Түркістан мақамдары» атты семинар басталды

29 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістанда «Түркістан мақамдары» атты семинар басталды
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» орталығында Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Түркістан мақамдары» атты оқу-әдістемелік семинары басталды. Екі күндік шараны Түркістан облыстық мәдениет басқармасы мен облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастыруда.

Семинардың ашылу салтанатында «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев сөз сөйлеп, шараның маңыздылығына кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, ол шараға арнайы келген қонақтарға алғысын білдірді.

Мұнан соң сөз алған Түркістан облыстық мәдениет басқармасның басшысы Әзімхан Қойлыбаев шараның негізгі мақсатын түсіндіріп берді.

«Бүгінгі шараның маңызы ерекше. Оңтүстіктің дәстүрлі орындау мектебін яғни терме, күйлерін өскелең ұрпаққа кеңінен дәріптеп, тәжірибе алмасу, облыс көлемінде өңірлік музыка мектебінің үйірмелерін ашу болып табылады. Екі күндік семинар арнайы әдістемелік бағдарламаға сай өткізіледі», — деді Әзімхан Серікұлы.

ХІХ ғасырда ұлан-байтақ қазақ даласының әр қиыр, әр бұрышынан дербес өзгешеліктері бар авторлардың ақындық мектебі қалыптасқаны белгілі. Мәселен, Батыс Қазақстанда – Махамбет, Мұрат, Шернияз мектептері кеңінен танылса, орталық Қазақстанда – Шортанбай, Дулат, Шөжелердің, Жетісу жерінде – Сүйінбай мен Жамбыл, Оңтүстік өңірінде – Майлықожа, Нұралы және Молда Мұсаларды айтуға болады. Олар жырлары арқылы елді бірлік пен ынтымаққа, жастарды білім мен еңбекке, адамды ақыл мен парасатқа, имандылыққа шақырған.

Семинарға еліміздің танымал музыка зерттеушілері, дәстүрлі музыка өкілдері мен Түркістан облысына қарасты аудан-қалалардағы мәдениет ошақтарының мамандары қатысуда. Атап айтсақ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші, Арқа әншілік мектебінің жалғастырушы өкілі Ерлан Рысқали, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Батыс Қазақстан өңірі әншілік мектебінің өкілі, танымал әнші Айгүл Қосанова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық университетінің профессоры. Арқа, Қаратау күйлерін насихаттаушы Жанғали Жүзбай, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, профессор, жырау, фольклор зерттеушісі Алмас Алматов, Майлықожа танушы, философия ғылымдарының кандидаты, ақын, сазгер, термеші Жәкен Омаров, Шымкент саз колледжінің дәстүрлі ән бөлімінің аға оқытушысы, республикалық байқауларының лауреаты Жақып Сыпатаевтар қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Түркістан облыстық мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шардаралық түлектер сыныптастарына үй сыйлады

Next Post

Шымкентте биыл 600 адам қайтарымсыз грантқа ие болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі