13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шардаралық түлектер сыныптастарына үй сыйлады

29 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Шардаралық түлектер сыныптастарына үй сыйлады
Share on FacebookShare on Twitter

Шардара қаласындағы N1 «М.Әуезов» атындағы жалпы орта мектебін 2001 жылы бітірген түлектері мен «Харекет» қайырымдылық қоры бірігіп, облыс әкімінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Қамқорлық» бағдарламасы аясында жалғызбасты анаға 3 бөлмелі пәтердің кілтін тапсырды. Көңіл толқытарлық іс-шараға Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев қатысып, үйлі болған Гауһар Әшімханованы құттықтады. Алдағы уақытта да қоғамды ізгілікке, мейірімге жетелейтін бастамалар жалғаса береріне сенім білдірді. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тікелей бақылауында тұрған бағдарламаның жұртшылық тарапынан қызу қолдауға ие болып, жыл басынан бері бір ғана Шардара ауданының өзінде қайырымдылық арқылы беріліп жатқан бұл алтыншы баспана екенін айтқан Бауыржан Қуанышбайұлы ізгі шараның жүзеге асуына атсалысқан азаматтарға алғысын айтты.

Айта кетейік, жалғызбасты ана 11 жылдан бері үй жалдап тұрып келген. Үш перзентінің ортаншысы тумысынан мүмкіндігі шектеулі болғандықтан бала күтімімен жұмысқа да орналаса алмай жүр. Ағайын-туыстары күнделікті азық-түлікпен қамтамасыз етуде қолұшын созғанымен жеке баспана алып берудің реті келмеген.

Өткен жылдың өзінде елдің жомарт, отаншыл азаматтарының қолдауымен бағдарлама аясында 20-ға тарта үй қайырымдылық шаралары арқылы мұқтаж отбасыларға тапсырылып, азық-түлік, қаржылай және өзге де көмектер көрсетілген.

Шара соңында ізгіліктің шапағатын көріп, өз үйінің табалдырығын аттаған Гауһар Базарбайқызы көмек қолын созған барша азаматтарға алғысын білдірді.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкент: Бас штаб комиссиясы әскери қызметшілердің оқуын қорытындылады

Next Post

Түркістанда «Түркістан мақамдары» атты семинар басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі