13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздары марапатталды

25 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістанда «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан қаласында Қазақстан халқының татулығын дәріптеуге арналған «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздары анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Әлеуметтік желі қолданушылары арасындағы жазбалар бойынша үздіктердің қатарында аға буынның бәсі биік болды.

Қазылар алқасының шешімімен журналист-блогер Төлеген Ахметов I орынға, Түркістан қалалық газеті бас редакторының орынбасары Ләззат Сарыбаева II орынға ие болды. Ал, ҚР Журналистер Одағының мүшесі Несібелі Иманқұлова III орынға лайықты деп танылды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында облыстық «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған сайыста «Жас қаламгер» номинациясы бойынша Оқушылар сарайы жас тілшілер үйірмесінің шәкірттеріне ынталандыру сыйлығы бұйырды.

«Ел арасындағы толеранттылықты жетілдіру арқылы этносаралық татулық пен бірліктің нығаюына атсалысып, өз көзқарастарын әлеуметтік желілерде жариялауда белсенділік танытқан азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Барлығыңызды алдағы келе жатқан кәсіби мерекелеріңізбен құттықтамын»,-деді облыстық қоғамдық даму басқармасының Қазақстан Халқы Ассамблеясының хатшылығы-этносаралық қатынастар бөлімі басшысының м.а. Мадина Камеденова.

Жиын соңында сөз алған Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы журналистер мен блогерлер клубының төрағасы Ерсұлтан Әмірбектің айтуынша, байқауда көптеген журналистер мен блогерлер бақ сынаған. Олардың шығармалары «Шаңырақ журналистер клубының» әлеуметтік желі парақшасында жарияланған. Сайыс нәтижесінде барлық жүлдегерлерге алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент
Previous Post

Кентау қаласында оқушылар сарайының филиалы ашылды

Next Post

Түркістандық дәрігерлер біліктілігін арттырады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі