13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентау қаласында оқушылар сарайының филиалы ашылды

25 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Кентау қаласында оқушылар сарайының филиалы ашылды
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласының Ынтымақ алаңында Түркістан Оқушылар сарайының таныстырылымы өтті. Аталмыш шара Оқушылар сарайының филиалы Кентауда ашылуына орай арнайы ұйымдастырылып отыр.

Қала тұрғындары мен қонақтары алдымен Қолөнер көрмесін тамашалады. Онда Оқушылар сарайындағы «Қолөнер», «Ағаш өнері», «Зергерлік өнер», «Мүсін және керамика» секілді үйірмелердегі оқушылардың туындылары қойылды. Келуші қонақтар жас бүлдіршіндердің бұйымдарына қызығушылықпен қарап, жоғары бағасын берді.

Сондай-ақ, арнайы ұйымдастырылған концерттік бағдарламаны тамашалады. Концертте де Түркістан Оқушылар сарайындағы «Вокал», «Домбыра», «Гитара», «Дәстүрлі ән», «Заманауи би», «Халық биі» секілді үйірмелердің таланттары өнер көрсетті. Олар халық және әлемдік классикадан әндер орындап, мың бұралған билерімен келушілерді таңғалдырды.

«Бүгін өнер көрсетіп жатқан өрендердің барлығы біздің үйірмелерге қатысушы өрендер. Қазіргі таңда бізде 60-қа жуық үйірме түрлері бар. Бала өзінің қабілеті мен қарымына байланысты кез келген үйірмеге қатыса алады.

Түркістанда орналасқан Оқушылар сарайындағы барлық үйірмелер мен мүмкіндіктер Кентау қаласында да болады. Бұл кешті біз осы қаламен жақынырақ танысу үшін ұйымдастырдық», – деді Индира Сарқытқызы, Оқушылар Сарайының директоры.

Айта кетейік, Кентауда Оқушылар сарайы өз жұмысын бастады. Бүгінгі таңда балаларды үйірмеге жазу жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Түркістан: Түлкібас ауданында құрылыс саласы қарқынды

Next Post

Түркістанда «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі