13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент : Әскери ұшқыштар әуеде күрделі тапсырмаларды орындады

25 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент : Әскери ұшқыштар әуеде күрделі тапсырмаларды орындады
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының Авиациялық базасында Қазақстан Әскери-әуе күштері әскери авиациясының жеке құрамымен нұсқаулық-әдістемелік жиын өткізілді. Олар әскери ұшқыштардың ұшу шеберлігі деңгейін және нұсқаушы құрамның машығын арттыру, ұшу техникасындағы дағдыларды жетілдіру, сондай-ақ тәжірибе алмасу үшін ұйымдастырылған.

Жиынды қолбасшының бірінші орынбасары — ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштері штабының бастығы полковник Руслан Кунуров басқарды.

Ұшу тапсырмаларын орындау кезінде нұсқаушылар түнгі көру құралдарын пайдалана отырып тәуліктің қараңғы уақытында жергілікті жерде бағдарлау, таулы жерлерде ұшу және қону, сондай-ақ сыртқы аспада жүкпен ұшу сияқты мәселелерді пысықтады.

Ұшқыштар тікұшақпен еңістер мен шатқалдардан өту тапсырмаларын орындады, сондай-ақ 1500-ден 4000 метр биіктіктегі асулардың үстінен өтті.

— Сыртқы аспада жүгі бар тікұшақты басқарудың бірқатар ерекшеліктері бар, ол жүкті кабинаның ішінде тасымалдаған кездегіден де күрделі. Жүктің әр түрі үшін оның пішіні мен мөлшеріне байланысты тасымалдаудың өзіндік жылдамдығы бар. Ұшудың осы түрін орындаудағы жаттығулар әдетте салмағы бір тоннаға дейінгі жүкпен басталады, жүктің массасын біртіндеп максималды мәнге дейін арттырады, – деді полковник Руслан Кунуров.

Бұдан басқа, жиындарда жас ұшқыштар құрамын оқытуға рұқсаты бар ұшқыш-нұсқаушылардың әдістемелік білімдері тексерілді, экипаждардың ұшуларға басшылық жасау тобымен өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша арнайы сабақтар өткізілді. Оқу қорытындысы бойынша ұшқыш-нұсқаушылар әр-түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындауға рұқсат алды.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентШымкент гарнизоныӘскери-әуе күштері әскери авиациясы
Previous Post

Түркістан : Әскери қызметшілер «OIQAZAN» зияткерлік ойынына қатысты

Next Post

Шымкентте өнеркәсіп өнімінің көлемі 10,1 пайызға артты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі