13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан : Әскери қызметшілер «OIQAZAN» зияткерлік ойынына қатысты

25 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан : Әскери қызметшілер «OIQAZAN» зияткерлік ойынына қатысты
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері «Білім. Бірлік. Болашақ» тақырыбында өткен OIQAZAN»зияткерлік ойынына қатысты.

Іс-шара «Turkistan Arena» стадионында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен жәнне облыс әкімдігінің қолдауымен өтті.

Ойынға облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің әскери қызметшілерінен басқа Алматы, Қызылорда және Түркістан облыстарымен Шымкент қаласының жоғарғы оқу орындары студенттерінің командалары, Түркістан облысының мемлекеттік, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың мамандары, кәсіпкерлер, журналистер мен блогерлер, сондай-ақ белсенділер қатысты.

Жалпы алғанда еліміздің жеті өңірінен 35 команда бақ сынасты.

Зияткерлік ойын жеті кезеңнен тұрды. Командалар әртүрлі санаттағы: Түркістан тарихы, өнер және көрнекті тұлғалар туралы сұрақтарға жауап берді. Қатысушылар музыкалық шығармалар мен фильмдер туралы білімдерін көрсетті. Сонымен қатар, ойынға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің әлемдік тәжірибесіне қатысты тапсырмалар болды.

— Ойын қызықты әрі тартымды өтті, қатысушылар қарсыластарынан асып, өз білімдерін көрсетуге тырысты. Сонымен қатар, жарыс әзіл-қалжыңмен және көңілді көңіл-күймен сүйемелденді. Барлығы ойыннан және жақсы қарым – қатынастан жағымды эмоциялар алды, — деп бөлісті Түркістан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің «Қорғаныс қырандары» командасының капитаны майор Жандос Күлдербаев.

Жеңімпаздарға, белсенді қатысушылар мен жанкүйерлерге кубоктар, бағалы сыйлықтар табыс етіліп, соңында концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кз«OIQAZAN»Түркістан облысыәскерилер
Previous Post

«Жас сарбаз» әскери патриоттық қозғалысы түркі елдерінің жастарымен бірге

Next Post

Шымкент : Әскери ұшқыштар әуеде күрделі тапсырмаларды орындады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі