13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте көпбалалы аналарға кеңес берілді

17 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте көпбалалы аналарға кеңес берілді
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы Абай ауданы әкімдігінің әлеуметтік сала бойынша бөлім басшысы Адамбек Баймырза біраз сала мамандарымен «Shanyraq» орталығында көпбалалы, мұқтаж аналармен кездесу өткізді.

Кездесуге келген аналар өз қиындықтарымен бөлісіп, ұсыныстарын айтты. Атап айтсақ, кездесуде атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсырудың қиындықтары, үй кезегіне тұру мәселелері қозғалды. Сонымен қатар, бірнеше көпбалалы аналардың «Күміс алқа» белгісін ала алмай жүргені туралы да сауал қойылды.

Кездесуде әр адамның мәселесі бойынша жеке кеңес берілді және өтініш құжатында көрсетілген мекенжайынан табылмаған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек беруден бас тартылғаны айтылды. Айта кету керек, былтырғы жылы карантин шараларына байланысты көмек мерзімі ешбір тексерусіз ұзартылып отырды, алайда биылғы жылдың басынан бастап әрбір көмек алушы отбасы мұқият тексерілуде.

Мамандар «Күміс алқа» алу мәселесіне қатысты да түсіндірме берді. Бұл марапатты алты баланың анасы болған әйел автоматты түрде ала алмайтынын, алтыншы баласы 1 жасқа толған кезде барлық балалары өзімен бірге тұрып жатса және әлдебір теріс әрекеті үшін жауапқа тартылмаса ғана берілетін белгі екені айтылды. Аналар өз кезегінде мазалаған сұрақтарына мардымды жауап алып, алғыстарын білдіріп, тарқасты

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент
Previous Post

"Ertis" футбол клубының директоры сотталды

Next Post

Түркістандық айтыскер темір тұлпар мінді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі