13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Ertis» футбол клубының директоры сотталды

17 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
«Ertis» футбол клубының директоры сотталды
Share on FacebookShare on Twitter

«Ertis» футбол клубының директоры бір жылға сотталды, сондай-ақ 3 жыл бойы қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды иелену құқығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті «ERTIS» футбол клубының директоры салық төлеуден жалтарғанын анықтады. Сол әрекетімен мемлекетке 193 миллион теңгеден астам төленбеген салық түрінде залал келтірді.

«Клуб директоры 3 жыл бойы қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды иелену құқығынан айырыла отырып, 1 жылға сотталды», — делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін футбол клубының басшысы болған Серік Омархановтың қылмыстық ісі Павлодардың №2 қалалық сотында қаралды.

Сот 2019 жылы клубтың шотында жеке табыс және әлеуметтік салықтарды төлеуге ақша жеткіліксіз екенін біле отырып, клубтың негізгі құрамындағы ойыншылардың жалақысы бекітілген шығындар сметасынан бірнеше есе көп болғандықтан, оларды төлеуден жалтаруға шешім қабылданғанын анықтады. Ол үшін Омарханов бухгалтерге салық декларациясына кірістер мен шығыстар туралы бұрмаланған ақпаратты енгізуді, сондай-ақ клубтың негізгі құрамындағы ойыншылардың жалақысын төмендетуді бұйырған. Сонымен қатар ол салық 2020 жылы төленеді деп уәде берген.

Сотта сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 236-бабына («кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеуден жалтару») сәйкес бюджетке салық және өзге де төлемдерді өтеуден жалтарғаны үшін 1 жылдан 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкентте медицина қызметкерлері марапатталды

Next Post

Шымкентте көпбалалы аналарға кеңес берілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі