13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Каратэші Юлдашев пен Берульцева Олимпиада лицензиясына ие болды

16 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Каратэші Юлдашев пен Берульцева Олимпиада лицензиясына ие болды
Share on FacebookShare on Twitter

Халықаралық карате федерациясы (WKF) Олимпиадалық рейтинг бойынша Токио Олимпиадасына жолдама алған спортшылар тізімін жариялады. Оған сәйкес, Шымкент қаласының каратэшілері тағы екі Олимпиада лицензиясын иеленді.

«D-3» біліктілігі бойынша халықаралық рейтингке сәйкес, Данияр Юлдашев Олимпиада лицензиясына ие болып, Азия өңірінде ең жоғары нәтиже көрсеткен үздік каратэші атанды.

Сондай-ақ, тағы бір жерлесіміз Софья Берульцева (+75 келі) да халықаралық рейтингке сәйкес, құрлықтық жолдамаға ие болды. Айта кетерлігі, каратэден Қазақстан құрамасынан Токио Олимпиадасына бес жолдама бар. Осыған дейін Дархан Асаділов рейтингте қарсыласынан 1000 ұпай алда болғандықтан мерзімінен бұрын Олимпиада лицензиясына иелік етті.

Данияр Юлдашев — каратэ спорт түрінен Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2017 жылы Астанада өткен  ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері, 2018 жылы Испанияда өткен «Премьер Лига» Халықаралық турнирінің күміс жүлдегері.

Софья Берульцева — Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Сонымен, Шымкент қаласының қоржынындағы Олимпиада жолдамаларының саны 10-ға жетті. Оның иегерлері:

Стенд ату — Сәрсенкүл Рысбекова, Кравченко Зоя

Оқ ату — Юрий Юрков

Бокс — Закир Сафиуллин

Қаратэ — Дархан Асаділов, Данияр Юлдашев, Софья Берульцева.

Байдаркада есу — Сергей және Тимофей Емельяновтар

Көркем гимнастика — Алина Әділханова

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Түркістан облысында 722 жол қозғалысы ережесін бұзушы анықталды

Next Post

Шымкентте 2500 адам қысқа мерзімді оқуға жолданады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі