13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында 722 жол қозғалысы ережесін бұзушы анықталды

16 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында 722 жол қозғалысы ережесін бұзушы анықталды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының аумағында ағымдағы жылдың 17 мамыры мен 16 маусымы аралығында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мұндағы басты мақсат – жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау және жолын кесу, жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру болып табылады. Осы тұста Отырар АПБ-ның полицейлері “Қауіпсіз жол” іс-шарасы барысында жалпы 722 жол ережесін бұзушылықты анықтап, мас күйінде көлік құралын басқарған үш жүргізушіні ұстады. Сонымен қатар қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 51 жүргізуші, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін бір жүргізуші, техникалық байқаудан өтпегені үшін – 13 және техника құралын басқарған кезде телефон немесе радиостанция пайдаланғаны үшін 18 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған қоса тәртіп сақшылары жолаушыларды заңсыз тасымалдаған екі жүргізушіні ұстады және жол қозғалысы ережесін бұзған 216 жаяу жүргіншіге қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Ал 26 көлік айыптұраққа қойылды. Сондай-ақ Созақ АПБ-ның полицейлері осы уақытқа дейін жалпы 542 жол саласы бойынша әртүрлі санаттағы әкімшілік құқық бұзушылық жасағандарды анықтады. Оның ішінде жаяу жүргіншілерге жол бермеудің тоғыз дәйегі, автокөлікті басқару барысында техникалық және өмірінің қауіпсіздік шараларын сақтамаудың – 55 жайты, автокөлікті мас халде басқару бойынша үш дерек, жаяу жүргіншілер жолда жүру қағидаларын сақтамай, жолдың кез келген тұсынан өтуінің 95 дәйегі тіркелсе, техникалық байқаудан және міндетті сақтандырудан өтпеген 18 шетел автокөліктері айыптұраққа қойылды.

Ақпарат көзі Polisia.kz

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Облыстық мәслихат хатшысы мен фракция жетекшісі қоғамдық қабылдау өткізді

Next Post

Каратэші Юлдашев пен Берульцева Олимпиада лицензиясына ие болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі