13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Өмірзақ Шөкеев: Туризмге инвестиция салу үшін ең оңтайлы кезең

16 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Өмірзақ Шөкеев: Туризмге инвестиция салу үшін ең оңтайлы кезең
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «2021 Қазақстан-Америка инвестициялық форумына» қатысып, Түркістан өңіріне инвестиция құю мүмкіндіктері және артықшылықтарымен таныстырды. Екі мемлекеттің 30 жылдық достық қарым-қатынасы аясында өткен кезекті инвестициялық форумға онлайн форматта қатысқан Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев өңір әлеуетіне басымдылық берді.

Жиынға қатысушы АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері мен Германияның халықаралық сарапшыларын облыстың мемлекет бойынша инвестиция тартуда алғы қатарда болуының себептерін де атап өтті.

2020 жылы Германия, Литва, Украина, Польша, Латвия, Эстония, Түркия, Молдова, Орталық Азия мен ТМД-ға көршілес елдердің нарығына оңтайландырылған экспортпен 1,8 миллиард АҚШ доллары сомасына ауыл шаруашылығы өнімін шығара білген Түркістан өңірінің америкалық нарыққа да даяр екенін және осы бағытта қызығушылық танытушылар табылатынына сенім білдірді.

Географиялық орны ерекше Түркістан аумағынан шығатын өнімдердің бір апталық уақытта Қытай еліне, Еуропаға жеткізілу мүмкіндігі – әр алуан салада инвестиция құйып, кәсіп жетілдіру табыстылығының бірден-бір көрсеткіші. Мемлекет тарапынан инвесторларға арналған салықсыз және өзге жеңілдіктер қарастырылған бағдарламалары өңір әлеуетін арттыруда өз септігін береді.

Еуразия жауһары орналасқан Түркістан қаласын туризм орталығы ретінде қалыптастыру шешімін қабылдаған Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының ықпалымен атқарылған үш жылдық жұмыс жемісімен таныстырып өткен өңір басшысы, қазіргі таң — жергілікті туризм саласына қызығушылық танытудың ең оңтайлы кезеңі екенін де айтып өтті.

Айта кетейік, 14-17 маусым аралығында ҚР Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігі, «KAZAKH INVEST «ҰК» АҚ және АҚШ Сауда-өнеркәсіптік палатасы онлайн форматта ұйымдастырған Қазақстан-Америка экономикалық форумы өтуде.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Қазақстанда Ұлттық жобалық басқару конкурсы басталды

Next Post

Кентау индустриялық аймағында 3 жоба толығымен жүзеге асырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі