13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстанда Ұлттық жобалық басқару конкурсы басталды

15 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Қазақстанда Ұлттық жобалық басқару конкурсы басталды
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін ҚР Ұлттық экономика министрлігі, Ұлттық жобаларды мониторингілеу кеңсесі, Халықаралық судья және жобалық менеджментті жетілдіру жөніндегі асессор өкілдерінің қатысуымен өткізілген брифинг барысында «Kazakhstan Project Management Awards 2021» ұлттық конкурсының басталуы жарияланды.

ҚР ҰЭМ жобалық басқару департаментінің директоры Илона Шварцкопф атап өткендей, ұлттық конкурс мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік секторда, бизнес-ортада және ҮЕҰ-да жобалық басқарудың үздік тәжірибелерін дамытуға мүмкіндік береді. «Мемлекет басшысы мемлекеттік органдардың қызметіне жобалық тәсілді енгізу міндетін қойды. Бұл олардың қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан, басқа елдердің тәжірибесі бойынша жобалық басқаруды жетілдіруді арттыру мақсатында конкурс жарияланды», — деді Ұлттық экономика министрлігінің өкілі.

Конкурс 2020 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі. Өткен жылы оған тек мемлекеттік органдар қатысты. Биылғы жылы конкурстың жаңалығы ретінде оған бизнес, квазимемлекеттік сектор, сарапшылар қоғамдастығы мен ҮЕҰ өкілдері қатысып отыр.

Қазақстан Үкіметі жобалық басқарудың заңнамалық негізін қалыптастырды. Ұлттық экономика министрлігі уәкілетті орган болып айқындалды. Оның негізгі міндеті Ұлттық жобалық басқару жүйесінің әдіснамасы мен дамуы болып табылады. «Жүйе мемлекеттік басқарудың үш деңгейін ұйымдастыруды және өзара іс-қимылды қамтиды: портфельдерді басқару (жалпыұлттық басымдықтарды іске асыру арқылы Үкімет деңгейінде); бағдарламаларды басқару (мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, оның ішінде ұлттық жобаларды іске асыру арқылы мемлекеттік органдар деңгейінде); жобаларды басқару (жобалық топтар деңгейінде оларды құру және қызметін ұйымдастыру арқылы).

Бүгінде Жобалық басқарудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде онлайн режімінде Ұлттық даму жоспарының барлық жалпыұлттық басымдықтары бойынша жобалық командалар жұмыс істейді. Яғни, іс жүзінде барлық мемлекеттік органдар осы цифрлық жүйеге интеграцияланған және жобалық форматта жалпы құжаттармен жұмыс істейді.

Бүгін басталған конкурсқа келетін болсақ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жобалық менеджмент бойынша тәжірибелі және сертификатталған мамандары конкурстың асессорлары болып табылады. Өтінімдерді жинау 2021 жылғы 15 маусымнан 15 шілдеге дейін жалғасады. Байқау үш номинация бойынша өткізіледі: «Жылдың үздік жобасы», «Үздік жоба менеджері» және «Жылдың үздік жобалық кеңсесі». Сонымен қатар, «Жылдың үздік гендерлік жобасы», «Жылдың үздік PM-жаттықтырушысы», «Балаға мейірімді үздік жоба» байқауларының арнайы сыйлықтары қарастырылған.

Конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің және Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) қолдауымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті дамыту орталығы болып табылады. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы конкурс операторы болып табылады.

Конкурс бойынша толық ақпарат мемлекеттік басқару академиясының сайтында https://www.apa.kz/ru/konkurs/ сілтемесі бойынша орналастырылған.

Анықтама: «Kazakhstan Project Management Awards 2021» конкурсының негізгі мақсаты – өз қызметінде жобалық менеджменттің әдістері мен құралдарын белсенді енгізетін және қолданатын мемлекеттік органдарды, ұйымдарды қолдау, мемлекеттік қызметшілерді көшбасшылық пен жаңа құзыреттерді дамытуға ынталандыру.

 

Tags: Шымкент
Previous Post

Қазақстанда 5 жылда 2 млрд ағаш отырғызылады

Next Post

Өмірзақ Шөкеев: Туризмге инвестиция салу үшін ең оңтайлы кезең

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі