13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: «Тұран» шағын ауданынан спорт кешені соғылады

13 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент: «Тұран» шағын ауданынан спорт кешені соғылады
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Жиында жаңа жобалар, тұрғын үй құрылысы мен оған керекті жер тілімдерін дайындау мәселелері қаралды.

Тұрғын үй құрылысы мәселелері бойынша «Шымкент» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы Б. Канкин, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Н. Архабаев баяндама жасады.

– Шымкентке еліміздегі алып құрылыс компанияларын тарту қажет. Құрылыс қарқыны мен сапа жағынан Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласына жету үшін жүйелі жұмыс керек. Инвесторды тартымды, жақсы жерлер қызықтырады. Сондықтан, қаладағы тиімсіз қолданыстағы жерлерге мониторинг жасап, халық мұқтажына қарай тиімді қолдану қажет.

Аудандарда да көрікті үйлер салу шарт. Қаланың ішіндегі ескі, апатты үйлердің орнына көп қабатты заманауи үйлер салу тиімді болып отыр. Сондықтан бұл бағытта инвестор тарту аудан әкімдеріне жүктеледі.

Жалпы қала бойынша жерлерді мақсатты пайдалануға аудит жүргізуді, ол бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыруды Айбек Сәттібаевқа тапсырамын, – деді қала әкімі.

Бүгінгі штаб отырысында «Зум» платформасында бірқатар жеке инвесторлар өз жобаларын таныстырды.

Мәселен, «Завод Авангард» ЖШС директоры Мұрат Сауытбекұлы әйнек шығару өндірісінің жобасын ұсынды. Ендігі кезекте жобаны жүзеге асыру үшін жер телімі қажет.

Ал, «Евро Знак» ЖШС көпірлерге және жол құрылысына қажетті темір-бетон өнімдерін өндіретін кәсіпорын. Аталған компанияларға Жұлдыз индустриалды аймағынан жер беру ұсынылды.

Құрылыс материалдары үшін темір-бетон өндірісіне маманданған «Абдикурылыс» ЖШС-на да индустриалды аймақтан жер телімі ұсынылды.

«Досымбекова» ЖК «Тұран» шағынауданынан спорт кешенін соғуды жоспарлауда.

Сондай-ақ, жиында қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралы баяндады.

Қала әкімі өз сөзінде, инвесторларға оңтайлы жағдай жасау бюрократияны жоюдан басталатынын, бұл мәселені мұқият ескеру керектігін айтып өтті.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент
Previous Post

Шымкентте тұрғын үй сертификаттарын беру жоспарланып отыр

Next Post

Шымкент оқушысы халықаралық конкурста 1-орынды иеленді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі