13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте тұрғын үй сертификаттарын беру жоспарланып отыр

13 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте тұрғын үй сертификаттарын беру жоспарланып отыр
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында тұрғын үй құрылысы қарқынды. Дегенмен, миллионды қалада жыл сайын баспанаға да сұраныс артуда. Қазіргі таңда үй кезегіне тіркелген 44 635 азаматтың 19844-ін мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер құрайды.

Бірнеше бюджеттік ұйым қызметкерлері бүгін дәл осы тұрғын үй мәселелері бойынша қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбековтің онлайн қабылдауында болды. Ерғали Дәулетбекұлы әр азаматтың мәселесін жеке тыңдап, баспанамен қамтудың тиімді бағдарламаларын қарастырды. Қазіргі таңда арендалық тұрғын үйлер белгіленген тәртіппен кезек арқылы көпбалалы отбасыларға, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына және жұмыс істейтін жастарға қарастырылған. Ал, бюджеттік ұйым қызметкерлеріне «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында «5-10-20» Шаңырақ» бағдарламасы, 5-20-25 және 7-20-25 несиелік бағдарламалары ұсынылуда.

Тіпті ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу мақсатында тұрғын үй сертификаттары қарастырылған. Биыл баспанаға мұқтаж азаматтарға қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қайтарымсыз негізде 300 млн. теңге тұрғын үй сертификаттарын беру жоспарланып отыр. Басты талаптары мен өтініш қабылдау туралы хабарландыру алдын-ала жарияланатын болады.

Тұрғын үй сертификатын алуға мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар және Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілері үміткер бола алады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзтұрғын үй сертификаттарыШымкент
Previous Post

Асхат Аймағамбетов қазақстандық ұстаздарға хат жазды

Next Post

Шымкент: «Тұран» шағын ауданынан спорт кешені соғылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі