13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Биыл Шымкентте 113 нысанның құрылысы жоспарланған

12 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Биыл Шымкентте 113 нысанның құрылысы жоспарланған
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов миллионды қалада 113 нысанның құрылысы жоспарлағанғанын мәлімдеді. Олардың ішінде 79 тұрғын үй (4832 пәтер, 281,1 мың ш.м.), 15 инженерлік инфрақұрылым нысандары, 11 білім беру нысаны, 2 абаттандыру нысаны, 3 мәдениет,1 төтенше жағдай, 2 спорт кешені бар.

— Құрылыс саласында негізгі басымдық көпқабатты тұрғын үйлер құрылысына беріліп отыр. Құрылыс «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жүргізілуде. Қазіргі таңда тұрғын үй құрылысы Тұран шағын ауданы мен Әкімшілік-іскерлік орталығында атқарылып жатыр. Онда биыл 61 тұрғын үйдің (3848 пәтер) құрылысы жүргізіледі (49 үй кредиттік, 12 үй арендалық). Қалған 32 үйдің құрылысы 2022 жылға өтпелі. Ал Әкімшілік-іскерлік орталығында 6 арендалық үйдің (336 пәтер) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Биыл толық пайдалануға тапсырылады. Сонымен қатар, 8 коммуналдық тұрғын үйдің (432 пәтер) конкурсы аяқталып, мердігері анықталып, оның құрылысына дайындық жұмыстары басталып кетті. Сондай-ақ, Арғынбеков көшесіндегі 4 кредиттік тұрғын үйдің (216 пәтер) құрылысы жалғасып жатыр. Пайдалануға тапсыру мерзімі тамыз-қараша айларына жоспарланған, -деді басқарма басшысы.

Инженерлік инфрақұрылым нысандары бойынша бұл жылы 15 нысанда құрылыс жүреді. Жыл соңына дейін 6 нысан пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, 1 920 орынға арналған 4 мектеп пайдалануға тапсырылады. Ал құрылысы жаңадан басталатын 7 нысанның конкурсы аяқталып, мердігерлері анықталды.

Одан бөлек, қолданыстағы мемлекеттік зоологиялық саябағын қайта құру, «Бозарық-3 шағын ауданындағы, ауыр атлетикадан олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің мамандырылған спорт мектебін салу, «Қ.Мұнайтпасов атындағы орталық стадионын қайта құру», «Мәдениет орталығы» сияқты жобарлар жүзеге аспақ.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Шымкент: Келер жылы «Асар-2» шағын ауданы кәріз жүйелерімен қамтылады

Next Post

Электронды төлем жүйесін қолданушылардың саны артуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі