13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Келер жылы «Асар-2» шағын ауданы кәріз жүйелерімен қамтылады

12 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Келер жылы «Асар-2» шағын ауданы кәріз жүйелерімен қамтылады
Share on FacebookShare on Twitter

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың шалғай елдімекендердегі инфрақұрылым мәселелерін жүйелеу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов аудан аумағындағы «Асар-2» шағынауданы тұрғындарымен кездесті. Кездесуде тұрғындардың шағынаудандағы ауыз су, табиғи газ, кәріз жүйесі, сапалы электр жарығымен қамту және шағал тас төсеу бойынша мәселелеріне толыққанды жауап берілді.

Аудан әкімі «Асар-2» шағынауданының инфрақұрылым мәселесін жүйелеу мақсатында атқарылып жатқан және алдағы уақытта жоспарланған жобалар мен жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті. Шағынауданды ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 156,1 шақырым ішкі орамдық жүйелерінің құрылыс жұмыстары 2020 жылдың мамырында басталды. Жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары мердігер мекеме «Сарыағаш-Аман» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Қамтылатын жалпы абонент саны – 2 765.

«Ремстрой Алматы» ЖШС шағынауданды электр жарығымен қамту бойынша жұмыстар атқаруда. Қамтылатын жалпы абонент саны – 2 723. Ал табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша 50,4 шақырым ішкі орамдық жүйлерінің құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталды. Құрылысқа жауапты мердігер мекеме – «Отау Строй» ЖШС.

Сондай-ақ, «Асар-2» шағынауданын кәріз жүйелерімен қамту бойынша «Монолит – Дизайн — 2030» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылысты келер жылы аяқтау жоспарлануда.

Шағынауданда 48,6 шақырым 38 көше бар. Оның ішінде 4,9 шақырым жолды асфальттау бойынша «Север-Юг» ЖШС құрылыс жұмыстарын атқару үстінде.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент
Previous Post

Шымкентте үйірлі шегірткелерге қарсы күрес шаралары басталды

Next Post

Биыл Шымкентте 113 нысанның құрылысы жоспарланған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі