13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте курсанттар өздерін офицер ретінде сынап көрді

8 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте курсанттар өздерін офицер ретінде сынап көрді
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент гарнизонындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бөлімдерінде Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының төртінші курс курсанттары әскери тағылымдамадан өтуде.

Бірінші күннен бастап курсанттар әскери тағылымдамадан өту үшін тағайындалған әскери лауазымдардың міндеттеріне сәйкес қызметтеріне кірісті.

— Бір ай болатын тағылымдама аясында біз өзіміздің әскери мамандығымыз бойынша қажетті білім мен тәжірибе аламыз, қару-жарақ пен әскери техниканың түрлі үлгілерін зерттейміз және солармен жұмыс істейміз. Сондай-ақ, командалық – әдістемелік дағдыларды арттыру үшін біз бөлімшелер командирлері мен қызметтер бастықтарының міндеттерін орындаймыз, ішкі тәртіпті қадағалап, жауынгерлік әзірлікті тексеруді жүзеге асырамыз, — деп бөлісті төртінші курс курсанты Әлібек Мұхамедияров.

Тағылымдама барысында болашақ офицерлер дипломдық жұмысты дайындау және мемлекеттік емтихандарды тапсыру үшін қажетті білім алады. Курсанттар үшін әскери тағылымдамадан өту-бұл пайдалы білім және тәжірибе жинау мүмкіндігі. Тәжірибелі офицерлердің басшылығымен олар бөлімшелердің жеке құрамымен үнемі байланыста болады.

Бұдан басқа, болашақ офицерлер жергілікті мектептердің оқушыларымен кездесулерге қатысып, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына түсу тәртібі туралы түсіндірме жасайды.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзкурсанттарофицерлерШымкентШымкент гарнизоны
Previous Post

Шымкентте әскери полицейлер Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті

Next Post

Түркістан: Сарыағаш ауданында биыл 24,7 млрд теңгенің инвестициялық жобалары жүзеге асады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі