13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте әскери полицейлер Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті

8 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте әскери полицейлер Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстандықтар мемлекеттігіміздің негізгі нышаны – рәміздердің бекітілген күнін атап өтуде. Елдіктің тірегін сақтаушы, өскелең ұрпақ үшін қастерлі саналатын мереке күні «Хәкім Абай» музейде ерлік сабағы өтті.

Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты – отандық патриотизм мен Туға, Елтаңға, Әнұранға деген терең құрмет сезімін қалыптастыру. Ерлік сабағы дәстүрге сай мемлекеттік әнұранның орындалуымен басталды.

Сабаққа Шымкент гарнизоны әскери полиция бөлімінің басшылығы, қалалық «Абай» атындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің өкілдері, «Жол көлік колледжінің» топ жетекшісі мен студенттері, сондай-ақ музей директоры қатысты.

Кездесу барысында Шымкент гарнизоны әскери полиция бөлім басшысының орынбасары майор Құрманбек Заттыбеков Мемлекеттік рәміздерді бойтұмардай қастерлеу керектігін және олар орнатылған мекемелер арнайы комиссияның үнемі бақылауында болып, тоқсан сайын жиындар өтіп, тексеріліп отыратынын айтты.

Сонымен қатар, кездесу аясында кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы жайлы, авторлардың өмірбаяны, егемендікті еншілегенге дейінгі еліміздегі тарихи рәміздер туралы материалдар мен мерзімді басылымдардағы мақалалар қойылды. Шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалды.

Егемендіктің айғағы, тәуелсіздіктің тұғырын айшықтайтын рәміздер күні мерекесі аясында еліміздің бүкіл өңірінде түрлі іс-шаралар мен акциялар өткізілгенін айта кеткен жөн.

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентәскери полицейлер
Previous Post

Мемлекеттік грант- кәсіпкерлікке қолдау

Next Post

Шымкентте курсанттар өздерін офицер ретінде сынап көрді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі