13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік шәкірттер 10 маусымнан бастап жазғы лагерьлерге барады

4 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік шәкірттер 10 маусымнан бастап жазғы лагерьлерге барады
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл жөнінде бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы мәлімдеді.

– Жазғы демалыс кезінде балаларды ата-аналарының өтініштеріне сәйкес лагерьге жіберу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл мемлекет тарапынан жартылай (895) және тұл жетім (157), көп балалы (2 653), сондай-ақ, АӘК алатын отбасының балалары (4 093) қала сыртындағы лагерьде демалады. Ал 22 655 бала ата-аналар есебінен лагерьге жіберіледі. Одан бөлек, 19 маусымға дейін білім ұйымдарында 60 пайызға жуық балаға қосымша сабақ беру жұмыстары басталды, – деді Ж.Тәжиева.

Брифинг барысында Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Мадияр Есенгелдіұлы шомылу маусымына тоқталды.

– Департамент аудан әкімдіктерімен бірлесіп, су айдындарында төтенше жағдайдың туындау қаупін төмендету мақсатында бассейн иелерімен 10 меморандум жасады. Яғни, 2021 жылға балалардың (оның ішінде аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды) шомылу орындарында жүзуіне жағдай жасалады. Қазіргі уақытта меморандумға сәйкес 500 баланы жүзуге тегін үйрету жоспарлануда. Сонымен қатар, қалада су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спорт үшін 5, шомылуға тыйым салынған 13 орын анықталды. Бұл ретте олар 2ГИС мобильді қосымшасына енгізілді, – деді М.Жақсыбаев.

Спикердің сөзінше, қалада жыл басынан бері балалармен байланысты жазатайым оқиғалар мен өрт жағдайы тіркелмеген.

Еске салсақ, биыл мектеп бітіру кешінде аниматор, мерекелік агенттік, жеке студияларды тартуға, мерекелік дастарқан ұйымдастыруға, автомобильдерді жалға алып, қала бойынша көшпелі экскурсиялар өткізуге, мейрамханалар мен кафелерде және басқа да ойын-сауық орындарында бітіру іс-шараларын ұйымдастыруға рұқсат берілмейді.

Айта кетейік, жазғы лагерь Бас санитардың бұйрықтары мен талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

 

Previous Post

Шымкенттік ХҚО-да дайын құжаттарды жеткізу қызметі іске қосылды

Next Post

Оқушылар рәміздер күнін атап өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі