13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік ХҚО-да дайын құжаттарды жеткізу қызметі іске қосылды

4 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік ХҚО-да дайын құжаттарды жеткізу қызметі іске қосылды
Share on FacebookShare on Twitter

Дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа қызмет енді Шымкентте қолжетімді. Енді курьер сізге дайын құжаттарды қажетті мекенжай бойынша жеткізеді. Бұл қызметтің құны — 970 теңге.

Қазіргі таңда жеткізу сервисі арқылы 144 мемлекеттік қызмет түрі қолжетімді, оның ішінде – жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу, жер учаскелерінің актілері, білім туралы құжаттарды апостильдеу, Мұрағат анықтамалары, әскери билеттердің телнұсқаларын беру және басқалар бар. Ал, жүргізуші куәлігі, жеке куәліктерді, паспорттарды және басқа да құжаттарды үйге дейін тапсырыспен жеткізу қызметі жақын арада қолжетімді болады.

«Құжаттарды жеткізу қызметі жеке тұлғаларға көрсетіледі, сервиске 144 мемлекеттік қызмет қосылған. Клиент құжаттарды ХҚО-ға тапсырғаннан кейін, веб-сілтемесі бар SMS-хабарлама жолданады, ол жерде өтінімді толтырып, мәліметтерді енгізіп және жеткізілім ақысын сол сілтеме арқылы төлеу керек. Қызмет ақылы, қала бойынша жеткізу құны 970 теңге», — деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Данабек Исабеков.

Естеріңізге салайық, дайын құжаттарды жеткізу қызметі осы жылдың мамыр айында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында іске қосылған болатын. Енді ол Шымкент қаласының тұрғындарына да қолжетімді. Сондай-ақ, Egov.kz электронды үкімет порталында техпаспорт пен көлік нөмірін үйге жеткізу қызметі қолжетімді.

 

Previous Post

Шымкент: Еңбекші ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы оң нәтиже көрсетуде

Next Post

Шымкенттік шәкірттер 10 маусымнан бастап жазғы лагерьлерге барады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі