13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Бар мейіріміміз — балаларға» мерекелік іс-шарасы өтті

2 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «Бар мейіріміміз — балаларға» мерекелік іс-шарасы өтті
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мүмкіндігі шектеулі және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арнайы мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Оған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ш.Мұқан қатысып, балаларды мерекемен құттықтады.

— Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Шымкент қаласында небәрі 75 мың оқушы болса, қазір олардың қатары 226 мыңға жетті. Сәйкесінше өскелең ұрпақтың әрбір күнін мәнді де сәнді өткізуге барлық мүмкіндіктер жасалып отыр. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев «Мен қашан да балалардың қамқоршысы боламын» деген болатын. Осы тұста салаға жауаптылар сіздердің балалық шақтарыңыздың бақытты болуы үшін қажетті шаралардың барлығын жүзеге асыруда. Сіздерге үлкен сенім артамыз. Алға қойған мақсаттырыңыз орындалып, оқуда, өмірде үлкен жетістікке жетіңіздер,- деп тілегін жеткізді.

«Бар мейіріміміз — балаларға!» атауымен өткен шара барысында 50 балаға мерекелік дастархан жайылып, 6-13 жас аралығындағы 100 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүгедек балаға демеушілердің көмегімен оқу құралдары мен ойыншықтар үлестірілді. Балалар да өнерлерін көрсетіп, концерттік нөмірлерін ұсынды. Жиын соңы мерекелік шарларды аспанға ұшырумен аяқталды.

Айта өтсек, қалада жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 765 бала қамқоршылық пен қорғаншылықта, 17 бала патронаттық тәрбиеде. Әр балаға мемлекет ай сайын жәрдемақы төлейді және мектепте оқитын оқушыларға да түрлі материалдық көмек көрсетілу үстінде. «Қолжетімді тұрғын үй — 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2019-2020 жылдары 142 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға үй берілді. Биыл 90 бала үймен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: Шымкент
Previous Post

«Шымкент жастар лигасы»: Футболдан жеңімпаздар анықталды

Next Post

Шымкент әкімі «Шымкент жастар лигасының» жеңімпаздарын марапаттады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі