13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: «Әлем балалармен әдемі» атты игі шара өтті

2 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент: «Әлем балалармен әдемі» атты игі шара өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін шаһарымыздың «Арбат» алаңында «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау» жөніндегі қоғамдық кеңес пен қалалық Мәдениет басқармасының бірлесіп ұйымдастыруымен «Әлем балалармен әдемі» атты келелі шара өтті.

Жиынның негізгі мақсаты – балалардың құқығын қорғау, денсаулығын сақтау, оларға қоғам болып қолдау көрсету, сапалы білім алуына жағдай жасау және саналы ел азаматы болып қалыптасуына үлес қосу.

Бүлдіршіндерге арналған игі шараға арнайы қатысқан «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева өскелең ұрпақтың мемлекет болашағын қалыптастырудағы маңыздылығына айрықша тоқталып, жас буынның кемел келешегіне тілектестік білдірді.

«Бүгінгі күні Шымкентте 526 балабақша, 186 мектеп жұмыс істейді. Алдағы бес жылдың ішінде қаламызда 72 мектептің құрылысы жүргізілгелі отыр. Бұл 3 ауысымды мектептердің санын азайтып, балалардың сапалы білім алуына мүмкіндік бермек. Балдырғандарымыздың дені сау, армандары асқақ, пайым-парасаты биік тұлға болып қалыптаса беруіне «Nur Otan» партиясы әрдайым қолдау білдіреді», — деді Жанар Әлібекқызы.

Думанды шара барысында балаларға тәттілер үлестіріліп, сыйлықтар тарту етілді. Сондай-ақ, қуыршақтар театры арнайы сахналық қойылымдар қою арқылы балдырғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкентте мереке күні 30 бүлдіршіннің тұсауы кесілді

Next Post

Шымкентте «Хәкім Абай һәм ихсан ілімі» республикалық конференциясы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі