13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте мереке күні 30 бүлдіршіннің тұсауы кесілді

2 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте мереке күні 30 бүлдіршіннің тұсауы кесілді
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шарада 30 бүлдіршіннің тұсауы кесілді.

1-3 жас аралығындағы балалардың тұсауын қала әкімі М.Әйтенов, мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов, Шымкент қаласының құрметті азаматы Ө.Мелдеханов, қаланың бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, «Түркістан» сарайының директоры С.Майғазиев пен қолөнер шебері Болат Бейісбеков, Опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызы, «Шаншар» әзіл-сықақ театрының директоры У.Әбдірайымов, айтыскер ақын А.Леубаева сынды елге сыйлы, белгілі азаматтар кесті.

Тұсаукесер рәсімінен соң қатысушылар балаларға ақ жол тілеп, ақ баталарын берді.

Балалар күніне орай ұйымдастырылған шарада «Жеті қазына» атты интеллектуалды ойын-сауық ұйымдастырылды. Мұнда балалар төрт топқа бөлініп, «Тәуелсіздік» саябағында көмбеге жасырылған 7 қазынаны іздейді. Ал, этноауылда «асық», «теппе», «асау мәстек» ойнап, «садақ ату», «ат ерттеуден» жарысып, қазақ хандарына шолу жасап, тоғызқұмалақтан есеп шығарудан сайыс өтті. Ал, өскелең қыздар құрақ құраудан жарысты. Сайыс соңында балаларға арнайы сыйлықтар таратылды.

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен өткен мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Түркістан облысының экономикасы 5 жылда 1,5 есеге өседі — А. Мамин 

Next Post

Шымкент: «Әлем балалармен әдемі» атты игі шара өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі