13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Өмірзақ Шөкеев заңсыз жер қойнауын пайдаланушылармен күресті күшейтуді тапсырды

1 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Өмірзақ Шөкеев заңсыз жер қойнауын пайдаланушылармен күресті күшейтуді тапсырды
Share on FacebookShare on Twitter

Келес, Сайрам, Ақсу, Арыс және Бадам өзендері бойынан заңсыз жер қойнауын пайдаланушылардың салдарынан өзен арналары жыл сайын төмендеуде. Бұл өз кезегінде өзен үстінен өтетін облыстық маңызы бар жолдардың және ондағы көпірлердің мерзімінен бұрын апатты жағдайға жетуіне әсер етіп отыр. Маңызды мәселе жайлы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрғалығымен өткен аппарат отырысында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов баяндады.

«Көпірлердің темір-бетонды жағалаулары, су бәсеңдеткіштері опырылып құлап, бетонды қадалары ашылып қалуда. Аталған жағдай, адам өміріне қауіп тудырумен қатар, мемлекет қаржысының артық жұмсалуына алып келуде. Қазіргі таңда, жоғарыда аталған өзен арналарының төмендеуі салдарынан бірқатар облыстық маңызы бар жолдардағы көпірлер жөндеуді қажет етіп отыр», – деді басқарма басшысы.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мәселені түбегейлі шешуді тиісті орган басшыларына тапсырды. Заңсыз жер қойнауын пайдаланушылардың қызметін заңдастыруды немесе тоқтатуды қолға алумен арнайы құрылатын комиссия айналысатын болады.

Түркістан облысында жыл соңына дейін жақсы және қанағатты жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 79 %-дан 81,4%-ға арттыру көзделуде. Бұл көрсеткішті 2025 жылға дейін 90%-ға арттыру жоспарланған. Биыл автомобиль жолдарын жөндеуге бөлінген қаражаттың басым бөлігі жергілікті маңызы бар жолдарға бағытталады. Құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 300-ден астам нысан, не 1200 шақырымға жуық жолдар мен көшелер қамтылған. Жыл соңына дейін 700 шқ. жол пайданалуға беріледі.

Мақтаарал, Жетісай, Келес аудандары аумағында ұзындығы 478 шқ. жолдар күрделі және орташа жөндеуден өткізілуде. Одан бөлек, осы аудандарда облыс әкімінің тапсырмасымен жалпы ұзындығы 180 шқ. асатын 11 облыстық маңызы бар автомобиль жолдары жөндеуден өткізілуде. Бұл жолдарды қыркүйек айында толықтай пайдалануға беру жоспарлануда. Жолдар Қазығұрт, Түлкібас, Созақ, Бәйдібек аудандары мен Арыс қаласында да жүргізіліп жатыр.

Биыл Түркістан-Балтакөл, Кентау-Ащысай, Шымкент-Қарамұрт, Ақсукент-Қарамұрт, Шымкент-Сайрам, Шарапхана-Жаңабазар бағыттарындағы жолдарды пайдалануға беру және Мақтаарал, Жетісай, Келес аудандарындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары аяқталады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Түркістан: Келес ауданында Африка жайыны өсірілуде

Next Post

«Бала шақтан - болашаққа»: Балалар әдебиеті фестивалі өтті⠀

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі