13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Келес ауданында Африка жайыны өсірілуде

1 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Келес ауданында Африка жайыны өсірілуде
Share on FacebookShare on Twitter

Келестік кәсіпорын балықтың жаңа түрін өсіруді қолға алды. Жыл он екі ай аптапта тіршілік етуге бейімделген «Африка жайынын» өсірген жеке кәсіпкер жылына 160 тонна жаңа балық тұқымын алуды көздейді. Келес ауданының Қошқарата ауылдық округіндегі «Бижігіт-Ата» ЖШС-і Ақ амур, күміс сазан, көксерке балық түрлерінің әрқайсысынан жылына 10 тонна өнім алады.

Уылдырықтарды қолдан ұрықтандыру, балық өсіру және балық етін өңдеумен айналысатын жоба аясында 15 азамат тұрақты жұмыспен қамтылады. Жалпы аумағы 600 шаршы метр жерде орналасқан кәсіпорында жылына 300 тоннаға дейін тауарлы балық өсіру жоспарланған.

«Балықты күтіп баптайтын маманды Өзбекстан елінен арнайы алдырдық. Қазірде «африкалық сом клариевый» түрін өсірудеміз. Ерекшелігі әр 2-3 айда уылдырық жинап отырады. Шабақты өсіп жетілгенше, 6-7 ай осы бассейнде қажетті температураны сақтап, өсіреміз. Сосын үлкен көлге тастаймыз. Ол көлде 3-4 ай бағылып, тұтынуға жарайды. Бүгінде көрші елдерден 1000 тоннаға дейін тапсырыс түсуде», – дейді кәсіпкер Нұрбол Жанұзақов.

Тропикалық балықты өсіру үшін айрықша күтім қажет. Балық бағып бизнес жасап, табыс тауып отырған іскер азамат бұл жоба биылға тек тәжірибе ретінде қолға алынып отырғанын айтады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Жетісайда тәулігіне 30 тонна тауық етін өндіретін фабриканың құрылысы басталады

Next Post

Өмірзақ Шөкеев заңсыз жер қойнауын пайдаланушылармен күресті күшейтуді тапсырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі