13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте балаларды қорғау күніне орай қайырымдылық акциясы өтті

31 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте балаларды қорғау күніне орай қайырымдылық акциясы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жастар ресурстық орталығының қолдауымен «Балалық шақ — бақытты аспан астында» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Оған қаладағы «Жігер» қоғамдық бірлестігінің бүлдіршіндері қонақ болды.

Демеушілердің көмегімен өткен қайырымдылық шара барысында балаларға түрлі аниматорлар арқылы концерт қойып, мерекелік көңіл-күй сыйлады, сонымен бірге, ойыншықтар мен сыйлықтар тарту етілді.

Айта өтсек, «Жігер» қоғамдық бірлестігінде тумысынан сал ауруына шалдыққан 130-ға жуық бала тәрбиелену үстінде. Оларға әлеуметтік қызметкерлер үйіне барып сабақ оқытып, өзге де әлеуметтік, емдеу-оңалту қызметтерін көрсетеді.

Айта кетейік Шымкент қаласында 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні қоғамдық көліктерде балалар тегін тасымалданатын болады. Жалпы үшінші мегаполисте 18 көлік компаниясы 71 бағытта, 782 кестемен жолаушыларға қызмет көрсетеді.

Айта кетейік, қоғамдық көлікте жүрудің ережесіне сай, қалада 7 жасқа дейінгі балалар тегін тасымалданса, 7 мен 15 жасқа дейінгі балаларға 50 пайыз жеңілдік жасалған. Ал, 15 жастан жоғары балалар мен студент жастар 50 теңге төлейді.

Жалпы қалада электронды билет жүйесі енгізілгелі бері «TOLEM» картасын 56 мың оқушы мен 1950 студент алып, тарифіне сәйкес жолақысын төлеу үстінде.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкентте «Жасыл кеңсе» байқауына қатысуға арналған тренинг өтті

Next Post

Шымкентте рейдтік тексеру жұмыстары жүргізілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі