13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Жасыл кеңсе» байқауына қатысуға арналған тренинг өтті

31 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «Жасыл кеңсе» байқауына қатысуға арналған тренинг өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында «Жасыл кеңсе» республикалық конкурсына қатысу және «Жасыл кеңсе» қағидаларын енгізу бойынша тренинг өтті. Тренингте екі жылда өткен байқаудың қорытындылары, сондай-ақ «Жасыл кеңсені» іске асыру принциптері және үшінші Республикалық байқауға қатысу шарттары ұсынылды. Сонымен қатар, қоқысты қайта өңдеу бойынша ақпарат берілді.

«Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі мен ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар офисінің қолдауымен 15 сәуір мен 31 тамыз аралығында 10 номинация бойынша Республикалық конкурс өткізуде. Оған мемлекеттік органдардың, білім беру, денсаулық сақтау, сауда құрылымдарының, өнеркәсіптің, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және басқалардың өкілдері он номинация бойынша қатыса алады.

Конкурсқа қатысу шарттары www.greenoffice-kaz.org сайтында және https://www.facebook.com/greenofficekz/ фейсбук желілерінде көрсетілген.

«Жасыл кеңсе», әдетте, барлық ресурстар үнемделген және қоршаған ортаны қорғауға арналған кеңсе деп аталады.

Конкурс экологиялық өмір салтын, «жасыл» және төмен көміртекті технологияларды насихаттауға, қоғамдық пайдаланудағы ғимараттардың экологиялылығын, жайлылығын және эргономикалығын арттыруға, озық тәжірибені, үздік технологиялық шешімдерді таратуға, экологиялық жауапты ұйымдарды брендтеуге бағытталған.

Байқаудың нәтижелері 2021 жылдың қазан айында жарияланып, қатысушылар сертификаттармен, ал жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Шымкент: 1000-нан астам саяси қуғын-сүргін ардагерлері мен қайтыс болғандардың балаларына әлеуметтік қолдау жасалды

Next Post

Шымкентте балаларды қорғау күніне орай қайырымдылық акциясы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі