13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сарыағаш ауданында өңірлік өнім көлемі 175 млрд теңгеге жеткен

31 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Сарыағаш ауданында өңірлік өнім көлемі 175 млрд теңгеге жеткен
Share on FacebookShare on Twitter

Сарыағаш ауданында былтыр өндірілген аумақтық жалпы өнім көлемі 175 млрд теңгені құраған. 2021 жылы оның көлемін 204,6 млрд теңгеге жеткізіп, өткен жылмен салыстырғанда 116,9%-ға арттыру көзделуде. Аудан экономикасының негізгі драйвері – ауыл шаруашылығы. Аталған салада 2020 жылы өндірілген өнім көлемі 86,4 млрд теңгеге жоспарланып, жыл қорытындысымен 92,2 млрд теңгеге жеткен.

Сонымен қатар, былтыр ауданда қарқынды жеміс бауы 100 гектарға, жүзім бауы 110 гектарға артқан. Сондай-ақ, 40 шағын мал бордақылау алаңы мен 9 жанұялық сүт аулалары құрылған. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, егін шаруашылығына жылында бір алқаптан 2-3 өнім алу инновациялық жобасы бойынша жоспар 910 га болса, өткен жылғы нақты орындалғаны 921,8 гектар. Биыл ауданда егілетін егістік көлемін — 69,7 мың гектарға, жылыжай шаруашылығын — 30 гектарға және тамшылатып суару әдісін ендіру — 600 гектарға ұлғайту жоспарлануда. Осы арқылы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 2021 жылы 105,6 млрд теңгеге жеткізу көзделген.

Ағын су жүйесін дамыту мақсатында 2021 жылы 61,9 шақырымды құрайтын 11 нысанды жөндеуден өткізіп, қайта айналымға қосылатын суармалы жер көлемін қосымша 230 гектарға жеткізу межеленіп отыр.

2020 жылы ауданға барлығы 21,9 млрд теңгенің инвестициясы тартылған. Оның ішінде бюджет есебінен 10,5 млрд теңге, жеке қаражат есебінен 8,7 млрд теңге, банк несиелерінен 1 млрд теңге және басқа да қаражат көздері есебінен 1,7 млрд теңге. Биыл ауданға 24,7 млрд теңгенің инвестициясын тарту жоспарлануда.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Өмірзақ Шөкеев Тәжікстан елшісін қабылдады

Next Post

Түркістан: Қазығұрт ауданындағы жолдардың сапасы артқан 

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі