13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Өмірзақ Шөкеев Тәжікстан елшісін қабылдады

31 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Өмірзақ Шөкеев Тәжікстан елшісін қабылдады
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Тәжікстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хайрулло Ибодзодамен кездесті. Тараптар екі елдің өңірлері арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын, сауда-экономикалық, туризмді дамыту мәселелерін талқылады. Өмірзақ Шөкеев облыстың аграрлы-индустриялды аймақ екендігін айтып, негізгі бағыттарымен таныстырды. Өңірдегі инвестицияның ахуалын да айтты. Егіншілік және мал шаруашылығы бойынша үлкен әлеуетке ие өңірде бизнестік серіктестікті дамытудың тиімді жолдарын атап өтті.

«Бізде экономиканың түрлі салаларында, ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, туризмді дамытып, өзара ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік жеткілікті. Оны тиімді пайдалануға болады. Нақты жобалар мен ұсыныстарға ашықпыз. Өз тарапымыздан тәжікстандық компаниялардың біздің облыста бизнесті дамыту бойынша бастамаларына толық қолдау көрсетуге дайынбыз», — деді Ө.Шөкеев кездесу барысында.

Өз кезегінде Хайрулло Ибодзода қарқынды дамып келе жатқан Түркістан өңірінде бизнесін өрбітуді көздеген кәсіпкерлердің көп екенін атап өтті. Алдағы уақытта екіжақтық стратегиялық әріптестік тамырының тереңдей түсетініне сенім білдірді. Облыста бірлескен жобаларды әзірлеу үшін үлкен мүмкіндіктер бар, оларды іске асыру үшін екі ел компаниялары тартылуы мүмкін. Сонымен қатар, Тәжікстан тарабы Түркістанда ірі сауда орталығын салып, тәжік ұлттық дәмханасын ашу жөнінде ұсынысын білдірді.

Айта кетейік, Қазақстан мен Тәжікстан арасында тығыз қарым-қатынас оң жолға қойылған. Серіктес елден көбіне көкөніс пен жеміс-жидек тасымалданады. Пандемияға қарамастан, өткен жылы екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 900 млн. АҚШ долларынан асқан.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Келес ауданында биыл жылына 700 мың дана темірбетон өнімдерін өндіретін зауыт іске қосылады

Next Post

Сарыағаш ауданында өңірлік өнім көлемі 175 млрд теңгеге жеткен

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі