13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Психологиялық тренингке 3 мыңнан астам белсенді жас қатысты

25 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Психологиялық тренингке 3 мыңнан астам белсенді жас қатысты
Share on FacebookShare on Twitter

Психологтардың айтуынша, жастардың бойына үміт пен сенім ұялату арқылы жылы сезімдерді дамыту керек. Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен облыстық «Izgilikti qogam» атты психологиялық семинар-тренинг барысында дағдарыстық жағдайдан шығу жолдары көрсетілді. Білікті мамандар жастар арасындағы келеңсіз жағдайлар мен қалыпты емес психологиялық дағдарыстың алдын алуды үйретті. Делинквентті (заң бұзушылықпен ерекшеленеді) және аутодеструктивті мінез-құлықты алдын алу, конструктивті түрде мақсатқа қол жеткізу бойынша психологиялық бағыт-бағдар берілді.

Семинар-тренинг Түркістан мен Кентау қалаларынан бастау алып, облыс бойынша барлық аудан, қалаларды қамтыды. Онда тәжірибелі психолог маман іс-шара барысында адамның ойы мен эмоциясын, ішкі сезімдері арқылы дұрыс жұмыс істеу тақырыбында психологиялық терапия өткізді. Жастардың көшбасшылық қабілетін арттыру, өзіндік қалыптасуына ықпал ететін жаттығулар ұйымдастырылды. Облыстық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы, Түркістан облыстық мәслихат депутаты Амалбек Өміртайдың айтуынша, бұл шара жастардың қоғамда өз орнын қалыптастыра алуына, эмоциясын басқаруына, ойлау жүйесінің дамуына ықпал етеді.

«Пандемияға байланысты онлайн және оффлайн форматта жүргізілген семинар-тренингке жалпы 3200 жас қамтылды. Оның ішінде карантиндік талаптар қатаң сақтала отырып 800 жас оффлайн, ал 2400 жас Zoom платформасы арқылы онлайн қатысып, пайдалы ақпараттармен сусындады. Бұл іс шара, еліміздегі төтенше жағдайға байланысты өңіріміздің жастары үшін пайдалы болды. Себебі адам көп уақыт үйде отыру және онлайн оқу әсірінен психологиялық дағдарысқа түсетіні анық»,-деді А. Өміртай.

Семинар-тренинг жастарға жеке тұлға ретінде дамуға, психикалық денсаулықты нығайту мен жетілдіруге, өзін-өзі жоғары бағалауды және өзіне, өз қабілеттері мен мүмкіндіктеріне деген сенімділікті дамытуға, сондай-ақ шиеленіскен шектеулі жағдайларда психологиялық тұрғыдан ұтқыр болу қабілетін меңгеруге ықпал етеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкентте жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 239 жоба іске асырылды

Next Post

Түркістан: Жыл басынан бері бесінші үшем дүниеге келді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі