13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 239 жоба іске асырылды

25 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 239 жоба іске асырылды
Share on FacebookShare on Twitter

2020 жылы Шымкент қаласы бойынша Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде 44,7 млрд теңге бөлініп, 239 жоба іске асырылды. Ондағы 32,1млрд теңге «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ-ның қаражаты болса, 12,5 млрд теңге республикалық бюджет. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, мемлекеттік бағдарламаның аясында жүзеге асырылған жобалардың ішінде 111-і инженерлік транспорттық инфрақұрылымда, 45 жоба әлеуметтік – мәдени нысандар, 45 жоба тұрғын үй коммуналдық шаруашылық болса, 38 жоба абаттандыру екен.

«Осы бағдарламаның жүзеге асырылуының нәтижесінде өткен жылы 8 753 жұмыс орындары ашылды, сондай-ақ 634 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Ал тозығы жеткен 15 білім мекемелерінің ғимараты күрделі жөндеуден өткізілді. Үш аусымда білім берудің алдын алу мақсатында екі мектеп жанынан қосымша 300 орындық оқу корпусы салынып екі аусымда 1200 бала білім алуға мүмкіндіктер туды. Тоғыз мектепке спорт алаңшалары орналастырылып, 11 мың балаға заманға сай спортпен айналысуына жағдай жасалынды»,-деді қала әкімі.

Сонымен бірге 27 мыңға жуық адам сапалы ауыз сумен және 5 мың адам сапалы электр қуатымен қамтылған. Кәрізбен қамтылған тұрғындар саны 12 мың адамға артып, қамтылу көрсеткіші 49,1%-дан, 50,2%-ға дейін өссе, жылу құбырларының тозу деңгейі 42,7%-38%-ға төмендеген. Бұдан бөлек, «Өтеміс» каналының арнасы күрделі жөндеуден өтсе, 109 автомобиль жолдары жөндеуден өткізілді. Ал 106 көп қабатты тұрғын үйдің 66 ауласы абаттандырылып, балалар ойын алаңшасы орнатылған.

Бұл жұмыстардың барлығы Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жүзеге асырылған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

«Шымкент жастар лигасы» жобасының жеңімпаздары анықталды

Next Post

Түркістан: Психологиялық тренингке 3 мыңнан астам белсенді жас қатысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі